Select Page

2022 жылы, 14 сәуір күні, сағат 15.30-да Логистика және көлік академиясының конференц-залында (2702) «Ішкі және сыртқы өнеркәсіптік көлік логистикасы, кеше, бүгін, ертең», «Қазіргі нарықтық жағдайларда жүк паркі вагондарын пайдалану тиімділігін арттыру әдістері» тақырыптарында семинар өтеді.

Спикер – «Орталық Азиядағы көлік және логистика бойынша серіктестік» ЗТБ президенті Бөлекбаев Берік Райымбекұлы.

Келесідей мәселелер қаралатын болады:

1- тақырып:  «Ішкі және сыртқы өнеркәсіптік көлік логистикасы, кеше, бүгін, ертең» 

1) Өнеркәсіптік көліктік логистика қызметінің негіздері, жобалау-іздестіру қызметі, материалдық-техникалық және оқу-инфрақұрылымдық қамтамасыз ету:

– өнеркәсіптік теміржол көлігінің қысқаша тарихы;
– өндірістік логистика, өндірістің жалпы сипаттамасы.

2) Қазіргі заманғы өнеркәсіптік логистиканы жалпы талдау өнеркәсіптік кәсіпорынды көліктік қамтамасыз етудің өндірістік процестерінің проблемалары мен тар жерлері:

– жол және жол шаруашылығы;
– қойма шаруашылығы, логистикалық жүйедегі қоймалардың рөлі мен орны, қоймалардың жіктелуі мен функциялары;
– тиеу-түсіру машиналары мен тетіктері, стационарлық және орын ауыстыратын көлік құрылғылары;
– жылжымалы құрам.

3) Бірыңғай инфрақұрылымда жеке жүк тасымалдаушылардың көптігінің жаңа жағдайларында өнеркәсіптік көлік логистикасының функционалдық-ұйымдастырушылық құрылымын дамыту перспективалары:

– технологиялық процестер;
-пойыз жұмысының тиімділігін арттырудың инженерлік-технологиялық шешімдерінің практикалық мысалдары;
– тасымалдау процесін басқару мен үйлестірудің мүмкін функциялары;

4) өнеркәсіптік кәсіпорынның көлік кешенінің өндірістік процесін ұтымды ұйымдастыру мысалдары:

– негізгі өндірістік процесс;
– қосалқы өндірістік процесс;
– қызмет көрсету өндірістік процесі.

5) Өнеркәсіптік кәсіпорынның көлік кешенінің тасымалдау процесін ұйымдастыру:

– өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарында жүктерді тасымалдаудың негізгі мәселелері;
– жылжымалы құрамды таңдау, жүкті вагонға тиеу және орналастыру, пломбалау, тасымалдау құжаттарын ресімдеу және тасымалдау ақысын төлеу;
– өнеркәсіптік кәсіпорынның кірме жолының жұмысын реттейтін техникалық, технологиялық және коммерциялық құжаттама:

  1. кірме жолдың техникалық паспорты;
  2. кірме жолға қызмет көрсету тәртібі туралы нұсқаулық;
  3. кірме жолға вагондарды беру және алу шарты;
  4. кірме жол мен жанасу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық процесі (ЕТП).

6) кірме жол мен жанасу станциясының өзара іс-қимыл жасау технологиясы:

– жүктің келуі туралы ақпарат, қабылдау-тапсыру операциялары; вагондарды беру және жинау, маневрлік жұмыстар;
– құрамдарды қалыптастыру және тарату;
– жүк және коммерциялық операциялар.

7) кәсіпорынның өнеркәсіптік логистикасын басқарудың логистикалық аутсорсингі.

8) теміржол көлігінің ішкі және сыртқы логистикасын оңтайландыру және дамыту.

9) темір жолдарды монополиясыздандырудың, жекешелендірудің және ырықтандырудың халықаралық тәжірибесі.

 

 2-тақырып: «Қазіргі нарықтық жағдайда жүк паркі вагондарын пайдалану тиімділігін арттыру әдістері»

1) жүк вагондары операторларының қазақстандық және ресейлік нарығының теміржол саласындағы ағымдағы жағдайды талдау;

2) вагон жасау және жылжымалы құрамды жөндеу нарығына шолу және талдау;

3) маршруттық тасымалдарды дамытудың тиімділігі, «графиктің қатты тармақтары»;

4) вагондардың тапшылығы мен профицитінің пайда болу табиғаты;

5) жылжымалы құрамды тиімді пайдаланудың әлемдік тәжірибесі.

Приемная комиссия