Миссиясы және пайымдауы
Миссия жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және кәсіби даму саласындағы білім беру қызметтерінің жоғары сапасына қол жеткізу, Қазақстан Республикасы экономикасының көлік-коммуникациялық және логистикалық секторы үшін кадрлар даярлау бойынша ұлттық білім беру кеңістігіндегі көшбасшылық болып табылады.
Миссия білім беру, ғылым және өндіріс интеграциясы арқылы кадрлар даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге, білім беру процесінде заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдана отырып, Академияның кадрлық әлеуетін және материалдық-техникалық базасын нығайтуға академияның ұмтылысын көрсетеді.
Пайымы-Қазақстанда және шетелде танылған салалық жоғары оқу орны және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы жетекші инновациялық орталық, нормативтік-техникалық регламентті дайындау, көлік, логистика және телекоммуникация саласында жаңа техника мен технологияларды енгізу.
Стратегиялық бағыттары
1-ші бағыт. Ұлттық және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі
Мақсат 1.1. Халықаралық стандарттары ескерілген білім беру бағдарламаларын өзектендіру.
Мақсат 1.2. Білім беру қызметін жаңарту.
Мақсат 1.3. Жоғары дәрежелі, халықаралық тәжірибесі, инновациялық және креативті ойлауы бар белсенді ғылыми қызметі бар ПО құрамын қалыптастыру.
Мақсат 1.4. Қазақстандық және халықаралық компаниялармен тығыз және тұрақты жұмысқа негізделген түлектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс құру.
Мақсат 1.5. Көптілді оқытуды енгізу және интернационалдандыруды кеңейту.
Мақсат 1.6. Өмір бойы бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
2-ші бағыт. Тиімді ғылыми және инновациялық қызметі
Мақсат: Академияның тиімді ғылыми және инновациялық қызметін дамыту.
3-ші бағыт. Халықаралық және өңірлік бизнес-қоғамдастықпен және жетекші ғылыми-білім беру орталықтармен стратегиялық әріптестік
Мақсат 3.1. Интернационализацияны кеңейту (шетелдік студенттерді көптеп тарту, академиялық ұтқырлық бағдарламасына, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу).
Мақсат 3.2. Екі дәрежелеі және екі дипломды бағдарламаны дамыту.
4-ші бағыт. Жастарды адамгершілігі жоғары, рухани және патриоттық рухта тәрбиелеу
Мақсат 4.1. Білім алушының азаматтық және әлеуметтік ұстанымын, тәрбие жұмыстары мен тікелей иделогиялық белсенділігімен білім беру процессіне қатысушылардың ұлттық өзін-өзін тануы мен патриотизмін қалыптастыру.
Мақсат 4.2. Білім беру процесіндегі субьектілердің барлығының тұлғалық және физикалық тұрғыдан денсаулығы, интеллектуалдылығы, эмоционалдылығы, рухани жағынан дамыту және сақтау үшін қажетті жағдайлардың барлығын жасау.
Мақсат 4.3. Студенттік ұжымдарда шығармашылық, өзара көмек, оқуға деген саналы қарым-қатынас қалыптастыру, білім алушыларды оқу еңбегіне ынталандыру.
5-ші бағыт. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген дамыған материалдық-техникалық база және инфрақұрылым
Мақсат 5.1. Академия қызметін цифрландыру.
Мақсат 5.2. Академияның брендін және білім беру бағдарламаларын білім беру нарығында дәріптеу.
Мақсат 5.3. Ғылыми кітапхананың ақпараттық білім беру орталығы ретінде қызмет көрсетуі және Академияның білім беру бағдарламалары бойынша сапалы қорын қалыптастыру.