Select Page

Мұражай – мәңгі есте сақтайтын жер!

Ибраимов Аманбай Куаталиевич

Мұражай жетекшісі

Ибраимов Аманбай Куаталиевич
Қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты, доцент ВАК

Email: a.ibraimov@alt.edu.kz

1994 жылы 5 мамырда ЛжКА мұражайы ашылды, ол 2010 жылы ішінара жаңартылды, ал 2016 жылы ЛжКА-ның 85-жылдығы қарсаңында  толығымен жаңартылды. Мұражай екінші қабатта мәжіліс залының жанында орналасқан.

Мұражай жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру,  инженерлерге құрмет көрсету, мектеп бітірушілері мен жастардың болашақ кәсібін таңдау кезінде оларға кәсіби бағыттаушылық  жұмыс жүргізу мақсаттарында ашылды. Мұражайда темір жол көлігінің қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан адамдарға ерекше назар аударылды.

Мұражайдың бірінші залы  темір жол тарихына және ЛжКА тарихына арналған. Мұражай Ұлы Жібек жолының жандануынан қазіргі кездегі болат магистральдарының кезеңіне дейін көрсетеді. ХХ ғасырдың басында Қазақ темір жолының ұзындығы 11 009 км шамасында болған. Бұл Алғашқы бесжылдықтың мақтанышы болған Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы, бұл ТМД елдеріндегі ірі темір жолдардың бірі болып есептелетін Қазақ темір жолының құрылуы.

Экзпозициялардың құрамындағы бай әрі бірегей материалдар – ЛжКА қалыптасу және даму тарихы жөніндегі негізгі кезеңдерін,оның құрылғаннан бастап, 2016 жылға дейінгі аса маңызды ғылыми және педагогикалық жетістіктері, аса көрнекті ғалымдары, академия қайраткерлері және оқытушылары жайлы мәліметтер береді.

Көптеген экспонаттар ҚР көлік және коммуникация кешенінің ғылыми-техникалық әл-ауқатын және ЖОО профессор-оқытушылар құрамының жетістіктерін, жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарының  ғылыми және шығармашылық байланыстарын көрсетеді.

Екінші қабатта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұрышы орналасқан, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер мен белгілі теміржолшылардың бұрышы орын алған.

Мұражайдың мақтанышы, қазақ қоғам қайраткері,  Ресейдің екінші Мемлекеттік Думасының депутаты, Түркістан автономиясының Премьер-министрі, “Алаш Орда” мүшесі,  тұңғыш қазақ инженері-темір жол қызметкері, Түркістан-Сібір магистралін жобалау мен салуға белсенді қатысушысы М. Тынышбаевқа арналған бұрыш болып табылады.

Аталған бұрышта М. Тынышбаевтың Түрксіб сызбалары бар жұмыс үстелі, кітап шкафы және т.б. ХХ ғасыр басындағы экспонаттары бар.

Мұражайда түлектер мен студенттерге, сонымен қатар жиі өткізілетін әр түрлі деңгейдегі жалпы академиялық іс-шараларға қатысушы қонақтарға таныстыру және тақырыптық экскурсиялар жүргізіледі.

Мұражайдың мекенжайы: Алматы қ., Шевченко к., 97, ОБК (мәжіліс залының жанында), 2 қабат
Телефоны: 292-75-89

Приемная комиссия