Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті директоры
Ташимбетова Акдана Турсынхановна
e-mail: a.tashimbetova@alt.edu.kz
Студенттермен тәрбие жұмысы «М.Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ-да ұйымдастырылған білім беру үдерісінің бір бөлігі болып табылады. ЖОО-дағы тәрбие жұмысының маңызды элементі – болашақ мамандардың кәсіби-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру. Отандық инженерлік-ғылыми мектепке тән кәсіби инженерлік дәстүрлерді меңгеруге ерекше назар аударылады. Болашақ мамандарды тәрбиелеу азаматтық-құқықтық сана мен патриоттық қасиеттерді дамытуды, рухани-адамгершілік және мәдени-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыруды, студенттердің зияткерлік әлеуетін кеңейтуді, салауатты өмір салтына бағдарлауды, қоғамдық белсенділік пен бастамашылықты арттыруды, әлеуметтік пайдалы қызметке және ерікті жобаларға қатысуды көздейді. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы Абай Құнанбайұлы ұсынған «толық адам» концепциясының қағидаттарына сүйенеді, оған рухани кемелдік, ақыл-парасаттылық, қайрат, жүрек тазалығы, еңбекқорлық және адамгершілік үйлесімі кіреді. ЖОО-да тәрбие жұмысын ұйымдастыруды Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті жүзеге асырады.
Оқу-тәрбие іс–әрекетінің мақсаты – рухани байлығы бар, өмірде өзін-өзі анықтауға дайын, шығармашылық пен тәуелсіздікке қабілетті студенттің жеке басын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Тәрбие үдерісінде «толық адам» моделіне сәйкес студенттердің жан-жақты дамуына, парасатты ойлауға, адамгершілік ұстанымына және өзін үздіксіз жетілдіруге бағытталған орта құруға ерекше көңіл бөлінеді. Студенттермен күнделікті жұмысты эдвайзер-кураторлар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және институт директорлары жүзеге асырады. Студенттер үйіндегі тәрбие жұмысын директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен студенттік кеңестер ұйымдастырады.
Университеттің тәрбие жұмысының негізін қазіргі заманғы жоғары білім берудің базалық қағидаттары құрайды. Оның маңызды бағыттарының бірі – рухани және зияткерлік тұрғыдан дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін, жоғары азаматтық жауапкершілікке ие кәсіби мамандар мен Қазақстан Республикасының белсенді азаматтарын даярлау. Осы үдерісте «толық адам» концепциясы жастардың рухани-адамгершілік биігін қалыптастырудың іргелі тәсілі ретінде қарастырылады.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті «М.Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде ҚР Конституциясын, «Білім туралы» Заңын, құқықтық-нормативтік актілерді, Университет Жарғысын, ЖОО-ның жергілікті актілерін, Университет Ғылыми кеңесінің шешімдерін, Басқарма Төрайымы — Ректордың орындауға міндетті бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің қызмет бағыттары:
- ЖОО студенттерімен оқу және оқудан тыс уақытта тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- тұлғаның таңдаған мамандыққа белсенді қатынасын қалыптастыруға ықпал ететін тәрбиелеу ортасын құру;
- студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қазіргі өмір жағдайында адамгершілік, мәдени және ғылыми құндылықтарды сақтау және көбейту;
- Университет дәстүрлерін сақтау және жаңғырту;
- тұлғаның зияткерлік, мәдени, адамгершілік және физикалық дамуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- студенттік бастамаларды қолдау;
- тәрбие жұмысы арқылы «толық адам» идеалын жүзеге асыру: парасат, қайрат, жүрек үйлесімін қалыптастыру, адалдық, ізгілік, еңбек мәдениетін дамыту, студенттің өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге ынталандыру.

Жастар саясаты кеңсесі

Әлеуметтік жұмыс



