Select Page

19 мамыр 2023 жылы академиямыздың қабырғасында Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Дуглас Хартман қонақта болды. АҚШ-тан келген қонағымыз академия басшылығымен кездесіп, MSU жайлы мәліметтермен таныстырды. Кездесу барысында болашақ магистратура және докторантура бағдарламасында оқығысы келетін жас мамандар өз сұрақтарын қойып, толыққанды мағлұматтар алды.

Сонымен қатар, болашақта ЛжКА және MSU арасындағы ғылыми байланысты дамыту мәселесі көтерілді. Кездесу MSU-да тағылымдамадан өткен академия профессорлары А. Абдирайымова және А. Сарсенбаевтың ұйымдастырумен өткізілді. 

Приемная комиссия