Select Page

2023 жылдың 14 наурызында «Оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау әдістері мен құралдарын жобалау» семинар-тренингі өткізілді. Спикер ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі А. Асылбекова сөз сөйледі.

Тренинг барысында келесі мәселелер қаралды:

  • БББ салыстырмалы талдау: отандық және халықаралық тәжірибе.
  • Құзыреттерді нақтылау негізінде бағдарламаны оқыту нәтижелерін тұжырымдау.
  • Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері.
  • Оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау әдістері мен құралдарын жобалау.
  • Қалыптасқан құзыреттердің мазмұнын талдау.

Қазіргі уақытта академияның жаңартылған білім беру бағдарламаларын ҚР ҰӘҚ Ұлттық Жоғары білім беруді дамыту орталығының білім беру бағдарламаларының тізіліміне (ЕСУВО) жүктеу басталды.

Приемная комиссия