Select Page

26 желтоқсанда Логистика және көлік Академиясында «Leaders party» атты жарты жылдық есеп беру кеші өтті. Іс-шараға Академиямыздың белсенді студенттері қатысты. ЛжКА Президент – Ректоры  Амиргалиева Салтанат Нұрадиловна студенттерді жарты жылдықты сәтті аяқтауларымен құттықтап, өздерін жақсы көрсеткен студенттерді алғыс хатпен марапаттады. Ректор сөзінен кейін Студенттік үкімет президенті Бейсенов Мұқасан I- жарты жылдықта жасалынған жұмыстар бойынша қонақтар қонақтар алдында есеп берді.  Ресми рәсім аяқталғаннан кейін студенттерге арнайы фуршет, түрлі ойындар, бағалы сыйлықтар ойнатылды. 

Приемная комиссия