Select Page

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Академиямыздың өзін-өзі басқару ұйымдарымен ауқымды жиналыс болып өтті. Жиналысқа институт директор орынбасарлары, студенттік үкімет мүшелері, студенттік декандар, студенттік кеңес және  барлық курстардың топ басшылары қатысты. Жиын екінші жарты жылдықтың алғашқы іс-шараларының бірі болып табылады. Онда қатысушыларға алдыңғы жарты жылдықтың қорытындысы, студенттердің оқу үлгерімі, Академия мен жатақханадағы тәртіп пен ережелер жайлы және алдағы уақыттағы жоспарлар жайлы тың ақпараттар мен мәліметтер берілді. Сондай-ақ түрлі мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары қолға алынып, басшылыққа жеткізілді.

Приемная комиссия