Select Page

5 сәуір Алматы қаласында қалалық студенттік көктем «Jas Gala – 2024» шығармашылық фестивалінің ашылу салтанаты тұрақты даму орталығының 17-ші тармағы тұрақты даму үшін серіктестік негізінеде  Логистика және көлік академиясында өтті. 

Байқаудың мақсаты – шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтау және оларды кәсіби өсуіне қолдау көрсету, адамгершілік құндылықтарды, жоғары эстетикалық және интелектуалдық талғамын қалыптастыру.

Бір айға созылатын фестиваль барысында қатысушылар вокал, хореграфия, мобилография, аспаптық орындау, театр бағыттары бойынша бақтарын сынайды.

Фестиваль аясында қатысушыларға өнер майталмандарының қатысуымен мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады.

Приемная комиссия