Select Page

20 мамырда Швейцария, Штанс қаласында шинкиокушинкай каратэден «SWISS Open 2023» халықаралық турнирі өтті. Турнирге әлемнің 60-тан астам елі қатысты.

Қарқынды және өте бәсекелі күресте, Adults Men 80 + салмақ дәрежесінде логистика және көлік академиясының студенті Ростами Мұхамедхади турнир чемпионы атанды.

Чемпионымызды халықаралық турнирдегі жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл сіздің қажырлы еңбегіңіздің, табандылығыңыздың және кәсібилігіңіздің нәтижесі болып табылатын үлкен жетістік. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз және әлемдік спорт аренасында одан әрі табыстар тілейміз!

Приемная комиссия