Select Page

Логистика және көлік академиясының  8D07160 -Электр энергетикасы  Білім беру бағдарламасының докторанты Асқарұлы Мұхит Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы ЕО Тұрақты энергетикалық байланыстарын қолдау» жобасы (SECCA жобасы) шеңберінде тұрақты энергетика бағыты бойынша конкурстың жеңімпазы атанды!

26.11.2023-02.12.2023 аралығында Асқарұлы Мұхит Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның энергия тиімді мектептерінің бес өкілі мен конкурс жеңімпаздары үшін ұйымдастырылған Латвияға тұрақты энергетикалық байланыстар бойынша оқу-таныстыру іс-шарасына қатысу үшін сапарға шығады.

Аталған іс-шараның мақсаты жаңартылатын энергия көздері секторында жаңа реформалар мен жобаларды іске асырудың еуропалық тәжірибесімен алмасу болып табылады.

Бұл шетелдік тағылымдама 8D07160 – Электр энергетикасы білім беру бағдарламасының докторанты Асқарұлы Мұхитқа ғылыми және кәсіби қызметтің тәжірибелік  дағдыларын нығайтуға, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдануға, диссертациялық зерттеуде эксперименттік деректерді өңдеуге және тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Біздің докторантқа зор денсаулық, ғылыми шабыт және табысты сапар тілейміз!

Приемная комиссия