Select Page

2022 жылғы 2 желтоқсанда «Тілдік дайындық» кафедрасында Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі» атты кафедра күні өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы-кафедрадағы тәрбие жұмысына жауапты оқытушысы Г. Н. Досжанова.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – білімалушылардың өз Отанына деген патриоттық сезімін, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершіліктерін қалыптастыру. Тарих алдында әркімнің жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Іс-шараға кураторлық топтардың студенттері, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Білім алушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерімен таң қалдырды. Студенттер шағын концерт қойып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына арналған слайдтарын көрсетті. Жүргізушілер өз баяндамаларын ұсынды, күйлер, әндер орындалды.

Көрермендер осы іс-шараға қатысқан студенттердің шығармашылығы мен шеберлігіне жоғары баға берді. Оқытушылар ісөшараны қорытындылап, белсенді қатысқандарға алғыстарын білдірді.

Приемная комиссия