Нормативтік құжаттар
Қорытынды аттестация
2024-2025 оқу жылына арналған дипломдық жұмыс тақырыптарының шамамен тізімі
Перечень дисциплин, выносимых на аттестационный (комплексный) экзамен в 2024-25 учебном году
График Итоговой Аттестации бакалавров (зимней) 2024-2025 учебного года
АТТЕСТАТТАУ (КЕШЕНДІ) ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
6В11367 Жол қозғалысын ұйымдастыру
6В07118 Темір жол және жол машиналары
6В07119 Автомобиль жолдары және аэродромдар
6В07120 Автоматтандыру және басқару
6В07128 Темір жол және жол шаруашылығы
6В07129 Көпірлер, тоннельдер мен метрополитендер
6В07130 Автомобиль жолдары және аэродромдар
6В11326 Тасымалдауды, қозгалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
6В06209 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ (КЕШЕНДІ) ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
6В06209 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
6В07118 Жол және жол машиналары
6В07120 Автоматтандыру және басқару
6В07128 Темір жол және жол шаруашылығы
6В07129 Көпірлер, тоннельдер мен метрополитендер
6В07130 Автомобиль жолдары және аэродромдар
6В11326 Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
Дипломдық жұмыстар
Мемлекеттік грантты тағайындау ережелері
Жылына 2 рет ҚР ҒЖБМ бос білім беру гранттарын ұсынады, бұның негізгі шарты студенттердің жақсы үлгерімі болып табылады. Қысқы және жазғы сессиядан кейін (ағымдағы жылдың 10 қаңтарына және 22 шілдеге дейін) студенттер ҚР ҒЖБМ министрі атына жазылған өтінішін, транскрипттен көшірмені, жеке куәліктің көшірмесін деканаттарға ұсынады.
Шәкіртақы туралы ақпарат
2025-2026 оқу жылының 1 триместр және семестріне арналған мемлекеттік және атаулы шәкіртақы туралы ақпарат (1 курс/оқу жылы) | ||||||
Білім деңгейі | Шәкіртақы мөлшері | “Энергетика және сандық технологиялар” институты | “Логистика және бизнес” институты | «Көлік және құрылыс» институты | Стипендиаттардың жалпы саны | пайызбен, % |
Докторантура | тұрақты | 8 | 6 | 11 | 25 | 100 |
Магистратура | тұрақты | 5 | 8 | 7 | 20 | 100 |
Бакалавриат | тұрақты | 536 | 68 | 1115 | 1719 | 100 |
30% қосымша | 3 | 2 | 2 | 7 | ||
75% қосымша | 2 | 0 | 0 | 2 | ||
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті бойынша жиыны | 1773 | |||||
ALT Университетінің Президент — Ректор гранты | 32 | 46 | 27 | 105 | ||
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Грант (ЖБҚ) | 0 | 0 | 5 | 5 | ||
«Қазақстан халқына» ҚҚ Гранты | 0 | 3 | 2 | 5 | ||
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті бойынша жиыны | 115 |
2025-2026 оқу жылының 1 семестр, триместріне арналған мемлекеттік және атаулы шәкіртақы туралы ақпарат (2-4 курс) | ||||||
Білім деңгейі | Шәкіртақы мөлшері | “Энергетика және сандық технологиялар” институты | “Логистика және бизнес” институты | «Көлік және құрылыс» институты | Стипендиаттардың жалпы саны | пайызбен, % |
Докторантура | тұрақты | 11 | 4 | 10 | 25 | 100 |
Магистратура | тұрақты | 2 | 5 | 9 | 16 | 88 |
15% қосымша | 0 | 2 | 3 | 5 | ||
Бакалавриат | тұрақты | 620 | 88 | 662 | 1370 | 70 |
15% қосымша | 22 | 10 | 2 | 34 | ||
30% қосымша | 9 | 2 | 4 | 15 | ||
75% қосымша | 3 | 0 | 0 | 3 | ||
академиялық демалыс | 1 | 0 | 0 | 1 | ||
ALT Университетінің Президент — Ректор гранты | 3 | 10 | 2 | 15 | ||
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Грант (ЖБҚ) | 0 | 0 | 1 | 1 | ||
«Қазақстан халқына» ҚҚ Гранты | 1 | 4 | 4 | 9 | ||
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті бойынша жиыны | 1494 |
2025 жылғы шығарылған «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ өз үлгісіне сай диплом формасының сипаттамасы
Диплом өз үлгісіне сай келесідей үш тілде толтырылады:
- колонтитулда «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ логотипі орнатылған;
- QR коды төменгі оң жақ бұрышта, IQAA логотипі сол жақ бұрышта орнатылған;
- бірінші жолақта ««Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ ресми атауы көрсетіледі;
- келесі жолақта Аттестаттау комиссиясының шешімі, күні, хаттамасының нөмірі көрсетіледі;
- келесі жолақта оқуын аяқтаған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)» жеке басын куәландыратын құжаттағы (немесе оны алмастыратын құжаттағы) жазбаға сәйкес және шетелдік азаматтың шетелдік төлқұжат деректеріне сәйкес толық жазылады;
- келесі жолақта мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының атауына байланысты бакалавр/магистр дәрежесі көрсетіледі;
- келесі жолақта мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды мен атауы көрсетіледі;
- келесі жолақта оқыту түрі көрсетіледі ( күндізгі немесе ҚО ауыстыра отырып күндізгі).
- Бакалавр дәрежесі берілген жоғары білім туралы диплом, 1 қосымшаға сәйкес.
- Бакалавр дәрежесі берілген үздік жоғары білім туралы диплом, 2 қосымшаға сәйкес.
- Магистр дәрежесі және философия докторы PhD дәрежесі берілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, 3 қосымшаға сәйкес.
Бланкілерде берілген дипломның сериясы мен нөмері, бланкті берген күні мен тіркеген нөмері, Алматы қаласы көрсетіледі.
Білім туралы жеке үлгідегі диплом қосымшасы (транскрипт) үш тілде келесі түрде толтырылады:
Алдыңғы жағында:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық көрсетіледі;
- бітірушінің туған күні;
- «Алдыңғы білім туралы құжат» жолағында «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ тіркелген білім туралы құжаттың атауы, құжаттың нөмірі мен берілген жылы көрсетіледі. Егер алдыңғы білім туралы құжат шетелде алынған болса, оның атауы мемлекеттік, орыс және басқа тілдерге аудармада және осы құжат берілген елдің атауында көрсетіледі;
- «Қабылдау сынақтары» жолағында хаттаманың немесе сертификаттың нөмері мен күні көрсетіледі;
- «Тіркелген» және «Аяқталған оқу» жолағында, қабылданған жылы мен бітірген жылы, сондай-ақ оқуға түскен оқу орнының толық атауы және «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ аяқтаған оқу орнының толық атауы көрсетіледі;
- «Берілген академиялық кредиттердің жалпы саны – ECTS» жолағында кредиттер саны цифрмен көрсетіледі;
- «Оқытудың орташа өлшенген бағасы (GPA)» деген жолақта – барлық оқу кезеңіндегі орташа балл сандармен көрсетіледі;
- «Кәсіби тәжірибе» жолағында тәжірибе түрлерінің атауы, академиялық кредиттер саны– ECTS, бағалар (әріптік баламамен, баллмен және дәстүрлі (сөзбен) көрсетіледі;
- «Қорытынды аттестаттау» жолағында мемлекеттік емтихан пәнінің атауы, кешенді емтихан, академиялық кредиттердің саны – ECTS, бағалар (әріптік баламамен, балмен және дәстүрлі (сөзбен) көрсетіледі);
- «Диссертациялық жобаның / жұмыстың орындалуы мен қорғалуы» жолағында дипломдық жұмыстың / жобаның немесе диссертацияның тақырыбы, академиялық кредиттердің саны – ECTS, бағалар (әріптік баламамен, баллмен және дәстүрлі (сөзбен) көрсетіледі;
- «Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестік деңгейі» деген жолақта деңгей сандармен көрсетіледі: бакалавр үшін – 6, магистратураға – 7.
Ішкі жағында:
- «Теориялық дайындық» жолағында нөмір, пән коды, пән атауы, академиялық кредит саны – ECTS. Бағалау (әріптік баламамен, ұпаймен және дәстүрлі (сөзбен) көрсетіледі;
- «Теориялық білім кредиттері саны» және «теориялық оқудың ECTS кредиттері саны» деген жолда – теориялық оқудың кредит саны цифрмен көрсетіледі;
- «Аттестаттау комиссиясының шешімімен» деген жолда хаттаманың нөмірі мен күні сандармен көрсетіледі;
- «Берілген (тағайындалған)» деген жолақта білім беру бағдарламасының атауына байланысты бакалавр/магистр дәрежесі көрсетіледі;
- «Мамандық және (немесе) білім беру бағдарламасы бойынша» деген жолда мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды мен атауы көрсетіледі.
Өз үлгісіндегі білім туралы құжаттың қосымшасына «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ бірінші басшысы – Президент-Ректор қара пастасы бар шарикті қаламмен қол қояды. Білім беру мекемесінің мөрі мөр белгіленген орынға қойылады.
Дипломдарды дайындауда қорғаныш су белгілері бар арнайы қағаз қолданылады және дипломды беру кезінде бірегей сәйкестендіру нөмірі белгіленеді, оны ҚР Білім және ғылым министрлігі қалыптастырады, бұл нөмір Ұлттық білім беру деректер қорында сақталады, бұл оның түпнұсқалығын анықтауға мүмкіндік береді.
![]() Үлгі |