Select Page

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті Президент-ректорының гранттары

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ Басқарма Төрағасы – Ректор грантын (бұдан әрі – Ректор гранты) беру тәртібін, оны алуға конкурсқа қатысу тәртібін, сондай-ақ «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-да (бұдан әрі – Университет) грант алу құқығын тоқтату және қалпына келтіру негіздерін айқындайды.

1.2. осы Ереже тиісті қабылдау жылының үміткерлеріне қолданылады және негіздерге бағытталған:

1) университет студенттерінің әртүрлі санаттарын әлеуметтік қорғау шараларының жүйесін енгізу;

2) ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсеткен, бірақ мемлекеттік грант конкурсынан өтпей қалған талапкерлерге қолдау көрсету;

3) Мұхаметжан Тынышбаев атындағы мектеп түлектеріне қолдау көрсету.

1.3. Ректор гранты білім алушының таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша оқу ақысының құнын төлеуге бағытталатын Университет қаражатын білдіреді. Ректор гранты қосымша білім беру қызметтеріне, пәндерді қайта оқуға, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықтарды жоюға және осы Ережеде көзделмеген өзге де шығындарды төлеуге қолданылмайды. Ректор гранты грант берудің тиісті санатының талаптарында белгіленген мерзімге беріледі.

1.4. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаттары бар және ҰБТ-ның нәтижелері 50 баллдан кем емес, Қазақстан Республикасының азаматтары Ректор грантын алуға өтініш бере алады.

1.5. Ректор гранттары талапкерлердің келесі санаттарына беріледі:

1) халықтың әлеуметтік осал топтарының өтініш берушілеріне қолдау көрсету — 4 грант;

2) білім беру грантын тағайындау конкурсында грант иеленбеген және ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 90 балл жинаған талапкерлерге — 3 грант;

3) Университеттің төрт білім беру бағдарламасын таңдаған, «Математика» және «Физика» бейіндік пәндері бойынша ҰБТ нәтижелерімен кемінде 50 балл жинаған талапкерлерге — гранттар саны Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес айқындалады;

4) Университет пен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған білім беру орталықтарымен серіктестік шеңберіндегі талапкерлерге;

5) Республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне — гранттар саны Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес айқындалады;

6) Университет ұйымдастырған «ALT OLYMPIAD» олимпиадасының жеңімпаздарына —

12 грант;

7) «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталған талапкерлерге — гранттар саны Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес айқындалады;  

8) Мұхаметжан Тынышбаев атындағы орта мектептердің төменде көрсетілген елді мекендерде орналасқан түлектеріне:

  • Жетісу облысы Сарқан ауданы Қарғалы ауылында орналасқан мектеп — 1 грант;
  • Түркістан облысы Арыс қаласы Екпінді (Қызыл-Көпір) ауылында орналасқан мектеп — 1 грант;
  • Назарбаев Зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектептері және

Білім-инновация лицейлерінің түлектеріне — гранттар саны Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес айқындалады;

  • қабылдау комиссиясы отырысының шешімі бойынша қосымша гранттар берілуі мүмкін.
  • Университет ұйымдастыруымен шетелдік талапкерлерге арналған «ALT» халықаралықолимпиадасы нәтижелері бойынша — 1 грант.
РЕКТОР ГРАНТЫН БЕРУ ТӘРТІБІ

2.1. Осы Ереженің 1.5-тармағында көзделген санаттар бойынша Ректор грантын тағайындау туралы шешімді Университеттің Қабылдау комиссиясы ұсынылған құжаттар, конкурс нәтижелері және осы Ережеде белгіленген өзге де критерийлер негізінде қабылдайды және Қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасымен рәсімделеді;

2.2. Қабылдау комиссиясының шешімі негізінде Университет Ректор гранты иегерлерімен немесе олардың заңды өкілдерімен Ректор грантын беру талаптарында белгіленген мерзімге өтеусіз негізде білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар жасайды. Ректор гранты ай сайынғы шәкіртақы төлеуді көздемейді.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан талапкерлерді қолдау

2.3.1. Ректор грантын тағайындау конкурсына қатысуға азаматтардың келесі санаттарына жататын үміткерлер жіберіледі:

1) жетім балалар;

2) I немесе II топтағы мүгедек балалар; ата-анасының біреуі немесе екеуі де I және/немесе II топтағы мүгедектер болып табылатын балалар; егер студенттің отбасында I немесе II топтағы басқа мүгедек балалар болса;

3) көп балалы отбасылардан шыққан балалар (18 жасқа толмаған төрт және одан да көп бала);

4) толық емес отбасылардан шыққан балалар (ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік, жалғыз басты ана);

5) материалдық жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балалары (растайтын құжаттарымен).

2.3.2. конкурсты өткізу кезінде басымдықтар жоғарыда көрсетілген тәртіппен белгіленеді;

2.3.3. көрсетілген санаттағы азаматтардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда гранттар ҰБТ сертификатының баллы жоғары тұлғаларға беріледі;

2.3.4. осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда бір оқу жылы мерзіміне беріледі;

2.3.5. осы санат бойынша Ректор грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер оқу ақысы құнының 30%-ы мөлшерінде төлем жүргізуге міндетті. Ректор гранты тағайындалған жағдайда, көрсетілген төлем сомасы келесі оқу курсының оқу ақысын төлеу есебіне немесе Студенттер үйінде тұру ақысын төлеуге есептеледі;

2.3.6. конкурсқа қатысушылар қабылдау комиссиясына жұмыс барысында келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

Азаматтар санаты

Құжаттар

1

2

3

1

I немесе II топтағы мүгедек балалар; ата-анасының біреуі немесе екеуі де I және/немесе II топтағы мүгедектер болып табылатын балалар; егер студенттің отбасында I немесе II топтағы басқа мүгедек балалар болса

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— туу туралы куәліктің көшірмесі;

— мүгедек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

— туған інілері мен апа-сіңлілерінің мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;

— мүгедек балалардың ата-аналары мен балаларының жеке куәлігінің көшірмесі (бар болса);

— ата-анасының немесе балаларының мүгедектігі туралы анықтаманың (кітаптың) көшірмесі;

— ата-анасының зейнетақы куәлігінің көшірмесі .

2

жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— туу туралы куәліктің көшірмесі;

— жеке куәліктердің көшірмесі;

— ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

— ата-ана құқығынан айыру, ата-анасын хабарсыз кетті деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

— қорғаншылық туралы әкімдіктің шешімі.

3

көп балалы отбасы балалары (18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп бала)

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— барлық балалардың туу туралы куәлігі;

— ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар;

— көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы алушының анықтамасы (бар болса).

4

толық емес отбасылардан шыққан балалар (ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлік, жалғыз басты ана)

— қабылдау комиссия Төрағасының атына өтініш (үлгі бойынша);

— туу туралы куәліктің көшірмесі;

— ата-анасының біреуінің некені бұзу/қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі;

Егер баланы ата-анасының біреуі тәрбиелеген болса, бірақ туу туралы куәлікте ата-анасының екеуінің де жазбасы болса, онда некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтаманы (E-gov/АХАЖ/Әділет басқармасынан анықтама) ұсыну қажет.

5

материалдық жағдайы төмен аз қамтылған отбасы балалары (растайтын құжаттарымен)

— қабылдау комиссия  Төрағасының  атына өтініш (үлгі бойынша);

— АӘК жәрдемақысын алушы ретінде жергілікті билік органдарынан анықтама.

 

Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсында грант иеленбеген, ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштерге ие (кемінде 90 балл жинаған) талапкерлерді қолдау

2.4.1. Ректор грантын тағайындау конкурсына қатысуға 2026 жылғы мамыр, маусым немесе шілде айларында өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша 90 және одан жоғары балл жинаған және білім беру грантын иеленбеген талапкерлер жіберіледі;

2.4.2. Конкурстық баллдар тең болған жағдайда Ректор грантын алуға артықшылық жалпы орта білім туралы аттестаттың орташа баллы жоғары талапкерлерге беріледі;

2.4.3. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.4.5. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда бір оқу жылы мерзіміне беріледі;

2.4.6. Осы санат бойынша Ректор грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер оқу ақысы құнының 30%-ы мөлшерінде төлем енгізуге міндетті. Ректор гранты тағайындалған жағдайда, көрсетілген төлем сомасы келесі оқу курсының оқу ақысын төлеу есебіне немесе Студенттер үйінде тұру ақысын төлеуге есептеледі.

Университеттің 4 БББ таңдай отырып, бейіндік пәндері физика-математика, ҰБТ нәтижесі 50 баллдан кем емес талапкерлерге қолдау көрсету

2.5.1. Ректор гранты Университетке оқуға түсу кезінде «Математика» және «Физика» бейіндік пәндерін таңдаған, Университеттің төрт білім беру бағдарламасын грант конкурсында таңдаған, ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған талапкерлерге беріледі;

2.5.2. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.5.3. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда бір оқу жылы мерзіміне беріледі.

Университетпен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқан білім беру орталықтары арасындағы серіктестік шеңберінде

2.6.1.  Серіктестік шеңберінде келісімшарт жасасқан білім беру орталықтары Университетке Конкурс нәтижелерін есептеген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде білім беру қызметтеріне кейіннен шарттар жасасу мақсатында Жеңімпаздарды таңдау негіздемесін ұсынады;

2.6.2. Конкурсқа қатысушылардың, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдында Конкурстың өткізілуі мен нәтижелері үшін, сондай-ақ Конкурсқа қатысушылар немесе үшінші тұлғалар мен аталған білім беру орталықтары арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда дербес жауапты болады. Университетті тартпай-ақ Конкурстан туындайтын барлық жанжалдарды дербес шешуге міндеттенеді;

2.6.3. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі.

Республикалық және халықаралық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша

2.7.1. Ректор гранты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген, ағымдағы оқу жылында өткізілген республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне;

2.7.3. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.7.4. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда оқу кезеңінің барлық мерзіміне беріледі.

Университет ұйымдастыруымен өткен «ALT OLYMPIAD» нәтижелері бойынша

2.8.1. Ректор гранты Университет ұйымдастырған және ағымдағы оқу жылында

өткізілген «ALT OLYMPIAD» олимпиадасының жеңімпаздарына олимпиада нәтижелері негізінде, 2026 жылғы мамыр, маусым немесе шілде айларында өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балын жинаған жағдайда беріледі;

2.8.2. «ALT OLYMPIAD» олимпиадасының жеңімпаздарын анықтау Университет бекіткен өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады;

2.8.3. «ALT OLYMPIAD» олимпиадасының жеңімпаздары және Ректор гранты иегерлері туралы мәліметтер Университеттің ресми сайтта орналастырылады;

2.8.4. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.8.5. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда оқу кезеңінің барлық мерзіміне беріледі.

«Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлеріне

2.9.1. Ректор гранты «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлеріне 2026 жылғы мамыр, маусым немесе шілде айларында өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша өту балын жинаған жағдайда беріледі;

2.9.2. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.9.3. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда оқу кезеңінің барлық мерзіміне беріледі.

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы мектеп түлектеріне

2.10.1. Ректор грантын тағайындау конкурсына Мұхаметжан Тынышбаев атындағы мектептердің түлектеріне 2026 жылғы мамыр, маусым немесе шілде айларында өткізілген ҰБТ нәтижелері бойынша өту балын жинаған, «Физика» және «Математика» бейіндік пәндерін таңдаған;

2.10.2. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.10.3. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда бір оқу жылы мерзіміне беріледі;

  2.10.4. Осы санат бойынша Ректор грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлер оқу ақысы құнының 30%-ы мөлшерінде төлем жүргізуге міндетті. Ректор гранты тағайындалған жағдайда, көрсетілген төлем сомасы келесі оқу курсының оқу ақысын төлеу есебіне немесе Студенттер үйінде тұру ақысын төлеуге есептеледі;

Назарбаев Зияткерлік мектебі, Республикалық физика-математикалық мектебі, Білім инновациялық лицейі түлектеріне

2.11.1. Ректор гранты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Республикалық физика-математика мектептерінің және Білім-инновация лицейлерінің түлектеріне беріледі. Бұл ретте «Физика» және «Математика» бейіндік пәндер комбинациясын таңдаған талапкерлер ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған жағдайда Ректор грантына үміткер бола алады, ал «Информатика» және «Математика», сондай-ақ «География» және «Математика» бейіндік пәндер комбинацияларын таңдаған талапкерлер ҰБТ нәтижелері бойынша 80 және одан жоғары балл жинаған жағдайда Ректор грантына үміткер бола алады;

2.11.2. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.11.3. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда оқу кезеңінің барлық мерзіміне беріледі.

2.12 Қосымша гранттар

2.12.1. Ректордың қосымша гранттары осы Ережеде көзделген санаттарға жатпайтын талапкерлерге Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорының шешімі негізінде берілуі мүмкін;

2.12.2. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

Университет ұйымдастыруымен шетелдік талапкерлерге арналған «ALT» халықаралық олимпиадасы нәтижелері бойынша

2.8.1. Ректор гранты Университет ұйымдастыратын және ағымдағы оқу жылында өткізілетін Шетелдік талапкерлерге арналған «ALT» халықаралық олимпиадасының жеңімпазына олимпиада нәтижелері негізінде, сондай-ақ таңдаған білім беру бағдарламасының оқу тілінде Университеттің профессор-оқытушылар құрамымен онлайн әңгімелесуден сәтті өткен жағдайда беріледі;

2.8.2. Шетелдік талапкерлерге арналған «ALT» халықаралық олимпиадасының жеңімпазы Университет бекіткен олимпиаданы өткізу шарттарына сәйкес айқындалады;

2.8.3. Шетелдік талапкерлерге арналған «ALT» халықаралық олимпиадасының жеңімпазы және Ректор грантының иегерлері туралы мәліметтер Университеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылады;

2.8.4. Осы Ереженің 3-бөлімінде көзделген негіздер туындаған жағдайда, Ректор гранты иегеріне грант беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен тоқтатылады немесе қайта беріледі;

2.8.5. Осы санат бойынша Ректор гранты осы Ереженің талаптарын орындаған жағдайда оқу кезеңінің барлық мерзіміне беріледі.

РЕКТОР ГРАНТЫН БЕРУДІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА БЕРУ ТӘРТІБІ

3.1. Басқарма төрағасы – Ректордың гранты – Білім алушыға Білім беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес, ұйым қаражаты есебінен берілетін, білім алушыны қаржылай қолдауға бағытталған университетішілік мақсатты шара. Басқарма төрағасы – Ректордың гранты мемлекеттік білім беру гранты (мемлекеттік білім беру тапсырысы) болып табылмайды. Грант бір оқу жылына немесе білім алудың толық кезеңіне берілуі мүмкін. Оның мөлшері мен берілу шарттары Білім беру ұйымының тиісті шешімімен және Шарттың жеке талаптарымен белгіленеді.

3.2. Басқарма төрағасы – Ректордың гранты Білім алушының тиісті білім беру бағдарламасы бойынша Білім беру ұйымында оқуын жалғастырып, толық аяқтауы шартымен беріледі, егер Басқарма төрағасы – Ректордың грантын беру туралы шешімде өзгеше талаптар көрсетілмесе. Гранттың мөлшері, қолданылу мерзімі, грант есебінен өтелетін білім беру қызметтерінің құны, сондай-ақ оны берудің өзге де жеке талаптары Шарттың жеке талаптарында және (немесе) «Шарттың жеке талаптарын өзгерту» құжатында көрсетіледі.

3.3. Білім алушыға Ректор грантын беру келесі жағдайларда келесі семестрден бастап тоқтатылады:

  • аралық аттестаттау қорытындысы бойынша қорытынды бағасының 70 баллдан төмен болуы;
  • Университеттен шығарылуы немесе басқа білім беру ұйымына ауысуы;
  • Ректор грантын тағайындауға негіз болған қате, жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынуы;
  • осы Ереженің талаптарын бұзуы;
  • Университет Жарғысын, Ішкі тәртіп қағидаларын, Академиялық адалдық кодексін, Этика кодексін және Университеттің өзге де ішкі нормативтік құжаттарын өрескел немесе жүйелі түрде бұзуы;
  • Ректор грантын алу құқығын тоқтатуды көздейтін тәртіптік жаза қолдану туралы шешімнің күшіне енуі;

Қазақстан Республикасының заңнамасында және Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.

3.4. Білім алушыға академиялық демалыс берілген жағдайда, осы Ереженің талаптарын сақтаған кезде оқуын қалпына келтіргеннен кейін Ректор грантын алу құқығы сақталады;

3.5. Ректор гранты иегері берілген гранттан бас тартқан жағдайда, грант алу құқығы тоқтатылады. Босаған Ректор гранты қайта бөлуге жатпайды;

3.6. Ректор грантын алу құқығынан айырылған білім алушы келесі семестрден бастап Ректор грантын алу құқығын қалпына келтіру туралы өтініш беруге құқылы, бұл ретте төмендегі талаптар бір мезгілде орындалуы тиіс:

  • аралық аттестаттаудан сәтті өту;
  • барлық оқу пәндері бойынша бағаларының 70 балдан төмен болмауы;
  • академиялық қарыздың болмауы.

3.7. Ректор грантын беруді тоқтату және оны қайта беру Университет институты директорының ұсынымы негізінде Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығымен рәсімделеді.

Жеңілдіктер

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереже күндізгі оқу нысанына түсетін талапкерлерге, келісім шарт негізінде оқитын бакалаврлар, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетіне» (әрі қарай «Университет») оқу үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер берудің негіздерін, тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Осы Ереже жыл сайын оқу жылының басында Басқарма Төрағасы — Ректоры бекітетін Университетіне түсетін күндізгі оқу нысанының студенттеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі Ережеге қосымша құжат болып табылмайды.

Осы Ережеде көзделген жеңілдіктерді біріктіруге болмайды. Егер өтініш беруші екі немесе одан да көп жеңілдік алуға құқылы болса, тек бір жеңілдік — ең үлкені — беріледі.

ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ

 

Сипаттамасы Жеңілдік мерзімі Жеңілдік, %
1 2 3
1.  ҰБТ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
1 курс Қысқартылған бағдарлама бойынша    
140 баллдан 60-69 балл 70 баллдан 25-29 балл Оқудың бірінші жылы 5%
140 баллдан 70-74 балл 70 баллдан 30-34 балл Оқудың бірінші жылы 10%
140 баллдан 75-79 балл 70 баллдан 35-39 балл Оқудың бірінші жылы 15%
140 баллдан 80-94 балл 70 баллдан 40-44 балл Оқудың бірінші жылы 30%
140 баллдан 95-104 балл 70 баллдан 45-50 балл Оқудың бірінші жылы 40%
140 баллдан 105-114 балл 70 баллдан 51-54 балл Оқудың бірінші жылы 50%
140 балдан 115-119 балл 70 баллдан 55-59 балл Оқудың бірінші жылы 70%
140 балдан 120 балл және одан жоғары   70 баллдан 60 және одан жоғары балл Оқудың бірінші жылы 100%
2.  КОЛЛЕДЖ БІТІРУШІЛЕРГЕ
Университет колледждерінің түлектері үшін Оқудың барлық кезеңі          30%
ҚР колледждерінің қысқартылған оқу түріне түсетін түлектері үшін Оқудың барлық кезеңі          25%
Оқу жоспарларындағы академиялық кредиттер айырмашылығын жою Тегін
3.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӨЛІК САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫНА
Қазақстан Республикасының көлік саласы (теміржол, әуе, теңіз, өзен көлігі және автомобиль жолдары) қызметкерлерінің балаларына және «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлеріне Оқудың бірінші жылы 20%
4.  МАҚСАТТЫ ДАЙЫНДАУҒА ЖОЛДАЙТЫН ҰЙЫМДАР ҮШІН (МАГИСТРАТУРА)
Ағымдағы қабылдау жылында кемінде бес адамды мақсатты даярлауға жолдаған жағдайда, серіктес ұйымдар тарапынан мақсатты даярлауға жіберілген талапкерлерге 5-6 адам Оқудың бірінші жылы 10%
7-9 адам 15%
10 және одан көп 20%
5.  АРНАЙЫ САНАТТАР БОЙЫНША (БАКАЛАВРИАТ)
Өткен жылдардағы Университет түлектерінің балалары мен немерелеріне (Басқарма Төрағасы-Ректордың сертификаты болған жағдайда) Оқудың бірінші жылы 10%

6. УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОҚУҒА

ТҮСЕТІН БАЛАЛАРЫНА (БАКАЛАВРИАТ)

Университет, Университет колледжі, Университет мектебінің штаттық қызметкерлерінің балалары үшін

Университет, Университет колледжі, Университет мектебі құрылымында жұмыс істеу кезеңінде 50%
Ескертпе: оқу кезеңінде Университет пен қызметкер (ата-ана) арасындағы еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, жеңілдік алушы шарт тоқтатылған күннен бастап оқу ақысын толық көлемде төлеуге міндетті
7.  МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР КОНКУРСЫНА ӨТІНІШ БЕРУ КЕЗІНДЕ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫН ТАҢДАҒАН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
«География» және «Математика» бойынша Университеттің төрт білім беру бағдарламасын таңдаған, ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған Оқудың бірінші жылы 30%

 «География» және «Математика» бойынша Университеттің бір білім беру бағдарламасын таңдаған, ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған

Оқудың бірінші жылы 20%
«Информатика» және «Математика» бойынша Университеттің бірінші және екінші білім беру бағдарламаларын таңдаған, ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған Оқудың бірінші жылы 50%
 «Физика» және «Математика» бойынша Университеттің бір білім беру бағдарламасын таңдаған, ҰБТ нәтижелері бойынша кемінде 50 балл жинаған Оқудың бірінші жылы 50%
8.  МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ «ФИЗИКА» ЖӘНЕ «МАТЕМАТИКА», «ИНФОРМАТИКА» ЖӘНЕ «МАТЕМАТИКА»,  «ГЕОГРАФИЯ» ЖӘНЕ «МАТЕМАТИКА» БЕЙІНДІК ПӘНДЕРІН ТАҢДАҒАН ЖАҒДАЙДА
Мектеп түлектеріне «Физика» және «Математика», «Информатика» және «Математика»,  «География» және «Математика» бейіндік пәндерін таңдаған жағдайда Оқудың барлық кезеңі 25 %
9.  УНИВЕРСИТЕТ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН «ALT OLYMPIAD» ОЛИМПИАДАСЫ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
 IV, V, VI жүлделі орын иегерлеріне Оқудың бірінші жылы 50%
VII, VIII, IX жүлделі орын иегерлеріне 30%
X-XXV жүлделі орын иегерлеріне 15%
10.  ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «ALT» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША
II жүлделі орын иегеріне Оқудың барлық кезеңі 50%
III жүлделі орын иегеріне 25%
IV жүлделі орын иегеріне 25%
V–XIV жүлделі орын иегерлеріне 10%
11.  МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН
Университет бакалавриат түлектері үшін Оқудың барлық кезеңі 25%
Университет, Университет колледжі, Университет мектебінің штаттық қызметкерлері үшін 25%
12. ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН

 Университет, Университет колледжі және Университет мектебінің қызметкерлері үшін (шетелдегі ғылыми тағылымдамалар докторанттың жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады) 

Оқудың барлық кезеңі 50 %
1.                  ОҚУ АҚЫСЫН ТОЛЫҚ ТӨЛЕГЕН КЕЗДЕ
2026-2027 оқу жылына толық алдын ала төлем жасағанда Оқудың бірінші жылы 10%
2026-2027 оқу жылының 1 семестріне толық алдын ала төлем жасағанда 5%

 Құжаттарды тапсыру мерзімі: ағымдағы оқу жылының 28 тамызына дейін.

Қажетті құжаттар:
Тиісті жеңілдікке үміткер Университеттің қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды тапсырады:

  • Басқарма төрағасы-Ректор атына өтініш;
  • ата-анасының/қызметкердің жұмыс орнын растайтын құжат (анықтама — берілген күні 1 айдан аспауы тиіс);
ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ БЕРУДІ ТОҚТАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

2.1. Білім алушы келесі жағдайларда жеңілдік алу құқығынан айырылуы мүмкін:

— басқа білім беру ұйымына ауысқанда;

— Университеттен шығарылғанда;

— осы Ереженің, Университет Жарғысының, Ішкі тәртіп қағидаларының және Университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын бұзғанда.

2.2. Институт дирекциялары осы Ережеде көзделген шарттарды орындамауына байланысты жеңілдіктен айырылуы тиіс білім алушылардың тізімін белгіленген тәртіппен қалыптастырады және жолдайды.

2.3. Жеңілдіктен айыру институт директорының ұсынысы негізінде Университеттің Басқарма төрағасы – Ректорының тиісті бұйрығымен рәсімделеді.

Skip to content
Приемная комиссия