Select Page

Магистратураға түсу

Өтініштерді қабылдау кезеңі

Жылына 2 рет

  1. 1 маусым – 15 шілде
  2. 28 қазан – 10 қараша

Кешенді тестілеуді өткізу кезеңі

Жылына 2 рет

  1. 20 шілде – 10 тамыз
  2. 21 қараша – 28 қараша

Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау

Жылына 2 рет

  1. 12 – 15 тамыз
  2. 13 – 25 желтоқсан

Қабылдау

Жылына 2 рет

  1. 15 – 28 тамыз
  2. 26 желтоқсан – 10 қаңтар

Бейіндік пәндер комбинациясы

ББ дайындау бағыты ГОП атауы ББ атауы ЖО кейін
1-ші бейінді пән 2-ші бейінді пән
1 Бизнес және басқару М072 Менеджмент және басқару 7M04166 Экономика және менеджмент (бейіндік 1,5 жыл) Менеджмент Бизнесті ұйымдастыру
7M04167 Экономика және менеджмент (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Менеджмент Бизнесті ұйымдастыру
М075  Маркетинг және реклама 7М04168 Маркетинг және бизнес аналитика (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Маркетинг Маркетингтік зерттеулер
2 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар М094 Ақпараттық технологиялар 7M06127 Ақпараттық жүйелер (бейіндік 1,5 жыл) Алгоритмдер және деректер құрылымдары Дерекқор
7M06128 Ақпараттық жүйелер (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Алгоритмдер және деректер құрылымдары Дерекқор
3 Коммуникациялар және коммуникациялық технология М096 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар 7М06233 Радиотехника, электроника және телекоммуникация (бейіндік 1,5 жыл) Электрлік байланыс теориясы Радиотехника және телекоммуникация негіздері
7М06234 Радиотехника, электроника және телекоммуникация (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Электрлік байланыс теориясы Радиотехника және телекоммуникация негіздері
4 Инженерия және инженерлік Іс М099 Энергетика және электротехника 7М07149 Электр энергетикасы (бейіндік 1,5 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Электр машиналары
7М07150 Электр энергетикасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Электр машиналары
М100 Автоматтандыру және басқару 7M07143 Технологиялық кешендерді басқару (бейіндік 1,5 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Сызықтық автоматты басқару жүйелері
7М07144 Автоматтандыру және басқару (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Сызықтық автоматты басқару жүйелері
М104 Көлік, көлік техникасы және технологиялары 7М07145 Темір жолдардың жылжымалы құрамы (бейіндік 1,5 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
7М07146 Темір жолдардың жылжымалы құрамы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
7М07147 Автомобильдер және жол техникасы (бейіндік 1,5 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
7М07148 Автомобильдер және жол техникасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
5 Архитектура және құрылыс М126 Көлік құрылыстары 7M07346 Көлік құрылысы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Құрылыс материалдары Құрылыс технологиясы
7M07345 Көлік құрылысы (бейіндік 1,5 жыл) Құрылыс материалдары Құрылыс технологиясы
6 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау М150 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар 7M11201 Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау  (бейіндік 1,5 жыл) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты басқару жүйелері
7M11203 Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты басқару жүйелері
7 Көлік қызметтері М151 Көлік қызметтері 7M11351 Тасымалдауды, қозғалысты  ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бейіндік 1,5 жыл) Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
7M11352 Тасымалдауды, қозғалысты  ұйымдастыру және көлікті пайдалану (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
7M11353 Жоғары жылдамдықты темір жол көлігіндегі экономика, экология және инфрақұрылым (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
М152 Логистика (салалар бойынша) 7M11354 Логистика (салалар бойынша) (бейіндік 1,5 жыл) Жеткізу тізбегін басқару Көліктік логистика
7M11355 Логистика (салалар бойынша) (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Жеткізу тізбегін басқару Көліктік логистика
7M11356 Ресурс үнемдейтін өндірістік логистика (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Жеткізу тізбегін басқару Көліктік логистика
8 Инженерия және инженерлік Іс М210 Магистральдық желілер және инфрақұрылым 7M07162 Көлік инфрақұрылымының инженериясы (бейіндік 1,5 жыл) Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік ғимараттарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
7M07161 Көлік инфрақұрылымының инженериясы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік ғимараттарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
М310 Көлік имараттары 7М07160 Көлік құрылыстары (бейіндік 1,5 жыл) Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік ғимараттарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
7М07159 Көлік құрылыстары (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік ғимараттарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері

Өтініштерді қабылдау

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

Магистратураға түсуші тұлғалар Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетіне және (немесе) Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесі арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті Президент-ректоры атына белгіленген нысандағы өтініш;
  2. жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет (және электрондық нұсқа);
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-у нысанындағы медициналық анықтама»;
  6. бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Қабылдау емтихандары

Магистратураға түсуші тұлғалар КТ тапсырады, оның ішінде шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша Ағылшын, Неміс, Француз), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест, оқуға дайындығын анықтау үшін таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілінде тест тапсырады.

КТ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижелері 150 балдық бағалау жүйесі бойынша бағаланады (1-қосымша). КТ нәтижелері бойынша сертификат беріледі.

Түсу емтихандарын және КТ-ны оларды тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

КТ-ға қатысу үшін түсуші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш тапсырады:

  1. testcenter.kz сайтына кіреді;
  2. өтініш беру жүйесінде электронды пошта арқылы тіркеледі;
  3. өтініш беру жүйесінде авторизациядан өтеді;
  4. «өтініш беру» бетіне өтеді;
  5. түсуші КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
  6. қажетті тестілеу нысанын таңдайды;
  7. өтінішті толтыруды жүзеге асырады;
  8. тестілеуге қатысу үшін төлемін жасайды;
  9. барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.

Түсушілер тестілеу тапсыру орнын өз еркімен таңдай алады.

Егер де тестіленушіге берілген өтінішті түзету қажет болған жағдайда (тестілеу орны, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), өтініш беру базасы жабылғанға дейін «Менің тарихым» бетіне өтіп, өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу керек».

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру салаларының білім беру бағдарламалары топтарына, сондай-ақ «әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарына магистратураға түсуші адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд емтихан) халықаралық сертификаты болған кезде қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.

«Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсетін тұлғалар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баллдары бар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты болған кезде қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін ALT UNIVERSITY қабылдау комиссиясы тексереді.

Магистратураға түсушілер өтініште бір білім беру бағдарламаларының тобын және 3 (үш) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын көрсетеді.

КТ нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Қабылдау

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті магистратурасына қабылдау күнтізбелік жылдың 15 – 28 тамыз және 26 желтоқсан – 10 қаңтар Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті магистратурасына тұлғаларды қабылдау шекті балл жинаған кешенді тестілеу қорытындылары бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Оқуға түсуші мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті президент-ректор  атына өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) өлшемі 3×4 сантиметр алты фотосурет (және электронды нұсқасы);
5) «денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-у нысанындағы медициналық анықтама»;
6) бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі

Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті оқуға түсуші құжаттармен бірге қабылдау комиссиялары 27 тамызға дейін береді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетіне күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін береді:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3) КТ сертификаты және осы Қағидалардың 2.3-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (олар болған жағдайда-магистратура үшін);

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын сертификат және баллдары көрсетілген білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы үзінді (докторантура үшін);

5) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкімі орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі. ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. ЖАО білім беру грантының иегерімен «ЖАО-студент-ЖОО»үшжақты шарты жасалады.

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша
ақылы негізде 2024-2025 оқу жылына
ОҚУ ҚҰНЫ

Бизнес және басқару М072 Менеджмент және басқару 7M04166 Экономика және менеджмент (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
7M04167 Экономика және менеджмент (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
М075  Маркетинг және реклама 7М04163 – Маркетинг және бизнес аналитика (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар М094 Ақпараттық технологиялар 7M06127 Ақпараттық жүйелер (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
7M06128 Ақпараттық жүйелер (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
Коммуникациялар және коммуникациялық технология М096 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар 7М06233 Радиотехника, электроника және телекоммуникация (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
7М06234 Радиотехника, электроника және телекоммуникация (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
Инженерия және инженерлік Іс М099 Энергетика және электротехника 7М07149 Электр энергетикасы (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
7М07150 Электр энергетикасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
М100 Автоматтандыру және басқару 7M07143 Технологиялық кешендерді басқару (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
7М07144 Автоматтандыру және басқару (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
М104 Көлік, көлік техникасы және технологиялары 7М07145 темір жолдардың жылжымалы құрамы (бейіндік 1,5 жыл) 790 000
7М07146 темір жолдардың жылжымалы құрамы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 790 000
7М07147 Автомобильдер және жол техникасы (бейіндік 1,5 жыл) 790 000
7М07148 Автомобильдер және жол техникасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 790 000
Архитектура және құрылыс М126 Көлік құрылыстары 7M07346 Көлік құрылысы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
7M07345 Көлік құрылысы (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау М150 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар 7M11201Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау  (бейіндік 1,5 жыл) 790 000
7M11203 Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 790 000
Көлік қызметтері М151 Көлік қызметтері 7M11351 Тасымалдауды, қозғалысты  ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бейіндік 1,5 жыл) 800 000
7M11352 Тасымалдауды, қозғалысты  ұйымдастыру және көлікті пайдалану (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
7M11353 Жоғары жылдамдықты темір жол көлігіндегі экономика, экология және инфрақұрылым (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
М152 Логистика (салалар бойынша) 7M11354 Логистика (салалар бойынша) (бейіндік 1,5 жыл) 850 000
7M11355 Логистика (салалар бойынша) (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
7M11356 Ресурс үнемдейтін өндірістік логистика (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 850 000
Инженерия және инженерлік Іс М210 Магистральдық желілер және инфрақұрылым 7M07162 Көлік инфрақұрылымының инженериясы (бейіндік 1,5 жыл) 790 000
7M07161 Көлік инфрақұрылымының инженериясы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 790 000
М310 Көлік имараттары 7М07160 Көлік ғимараттары (бейіндік 1,5 жыл) 790 000
7М07159 Көлік ғимараттары (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 790 000

Зерттеу бағыты бойынша ғылыми кеңесшіні таңдаңыз

Шетелдік білім алушыларға

Шетелдіктерді магистратураға және докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы, магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

Білім алудың артықшылықтары

Ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыт бойынша 18 білім беру бағдарламасы

Инновациялық білім беру бағдарламалары

Мол тәжірибесі бар оқытушылар, ғалымдар мен зерттеушілер

Көлік, логистика, IT-технологиялар және цифрлық телекоммуникация саласындағы үздік бағдарламалар

Қазақстан мен әлемнің үздік ғылыми басылымдарында мақала жариялау

Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту

Шетелдік тағылымдама

Ғылыми зерттеудің қолданбалы түрі

Тәжірибелік маңызы бар диссертациялардың өзекті тақырыптары

Заманауи құзыреттілік пен практикалық дағдылар

Жетілдірілген ғылыми-зерттеу базасы

Барлық білім беру бағдарламалары бизнесте танылып, аккредитациядан өткен

Стартаптармен жұмыс істеуге жағдай жасалған

Заманауи технологиялар, менеджмент және бизнес саласындағы білім

Көшбасшыларды даярлау дәстүрі

Оқу ақысын төлеудің қолайлы шарттары

Гранттар, стипендиялар, жеңілдіктер

Гранттар мен 100% – ға дейінгі жеңілдіктер: мемлекеттік гранттар, президент-ректор гранттары, » ҚТЖ «ҰК «АҚ,» ҚТЖ-Жүк тасымалы «АҚ,» KAZENERGY «қауымдастығының гранттары мен стипендиялары, «Магистраль» бағдарламасы бойынша гранттар, оқу үшін икемді төлем жүйелері және материалдық қолдау

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ
Сипаттамасы Жеңілдік мерзімі Жеңілдік, %
Үздік дипломы бар Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті (ҚазККА) бакалавриаттың түлектері үшін Оқудың барлық кезеңі 30%
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті (ҚазККА) бакалавриат түлектері үшін Оқудың барлық кезеңі 20%
Бір ЖОО-ның бакалавриат бағдарламасының үш түлегінен тұратын және ғылыми-педагогикалық бағытқа (2 жыл) құжат тапсыратын (Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінен басқа) бітірген талапкерлер тобы үшін Оқудың бірінші жылы 15%
Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті (ҚазККА) колледжінің және Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті штаттық қызметкерлері үшін (магистратураны бітіргеннен кейін Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университетінде 1 жыл жұмыс істеуге келіскен жағдайда) Оқудың барлық кезеңі 25 %

Құжаттарды тапсыру мерзімі: ағымдағы оқу жылының 28 тамызына дейін.

Қажетті құжаттар:

Тиісті жеңілдікке үміткер Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

– Президент-Ректордың атына белгіленген үлгідегі өтініш;
– жауапты хатшының қолымен және ҚК мөртабасымен (мөрімен) куәландырылған диплом көшірмесі;
– жұмыс орнынан анықтама (қызметкерлер үшін);
– 1 жыл жұмыс істеуге келіскен міндеттеме.

Халықаралық бағдарламалар

Отто фон Гарикке атындағы Магдебург Университеті

ЕО, Германия, Магдебург

Логистика мамандығы бойынша «ERASMUS +» халықаралық бағдарламасы аясында «PRODLOG» бірлескен білім беру бағдарламасы

Петербург мемлекеттік көлік қатынастар университеті (ПМКҚУ)

Ресей,
Санкт-Петербург

ЛжКА және ПМКҚУ барлық туыс мамандықтары бойынша «Қос диплом» бірлескен білім беру бағдарламасы

Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті Қабылдау комиссиясы: Алматы қ., Шевченко 97, бас оқу ғимараты, 1 қабат. Шевченко және Масанчи көшелерінің қиылысы жағынан кіреберіс
Жұмыс уақыты:
ДС – ЖМ: 08:30 – 18:00
СН – ЖК: 09:00 – 17:00
Телефон +7 707 888 1931, 8 727 292 0707 пошта info@alt.edu.kz

Қабылдау комиссиясының өкілдіктері:
Астана қ., Гете к-сі 10А, +7 (7172) 94 28 23, 943487,
Ақтау қаласы, ш / а 9 Д. 24, +7 (7292) 43 60 57,
Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі 5в, +7 (7132) 21 14 00,
Шымкент қаласы, Аймауытов көшесі, 1, +7 (7292) 31-10-51, +7 7252 92 19 19.

Приемная комиссия