Комитеттер
Инновациялар және жобалар комитеті
Джумабаев Ерқанат
Телефон: 8-776-023-50-32

Жалғасқанов Уалихан
Телефон:8-776-046-00-15

Дуйсенбаев Еркебұлан
Телефон: 8-705-701-93-10
Инновациялар және жобалар комитеті – ұйымның ең креативті және стратегиялық бағыттарының бірі. Комитеттің басты мақсаты – студенттердің жаңа идеяларын жүзеге асыруға, әр түрлі бағыттағы жобаларды дамытуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, жастардың шығармашылық ойлауын жетілдіріп, олардың университет өміріне белсенді қатысуына жағдай жасау.
Инновациялар және жобалар комитеті қалалық және республикалық деңгейдегі ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, түрлі стартап-байқаулар, хакатондар және идеялар фестивальдерін ұйымдастыру арқылы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына үлес қосады.
Ақпараттық және медиа комитеті

Жумурова Жұлдызай
Телефон:8-705-389-26-75
Жұмағали Мансұр
Телефон:8-777-351-41-02
Бауржанұлы Ерсұлтан
Телефон:8-776-764-60-80
«Ақпарат жұмысы жөніндегі комитет» М. Тынышбаев атындағы АЛТ Студенттік Үкіметінің қызметін кеңінен таныту мақсатында жұмыс істейді. Комитет университеттің ақпараттық стенділерінде, интернет және әлеуметтік желілер арқылы ақпарат таратып, студенттермен тиімді кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, комитет академияның ақпараттық ресурстарын IT-форумдарда, конференцияларда және басқа да қоғамдық іс-шараларда таныстырып, академияның беделін арттыруға үлес қосады.
Комитеттің негізгі қызмет бағыттары:
- Университет пен Студенттік Үкіметтің имиджін қалыптастыру және дамыту мақсатында жарнамалық материалдар дайындау (плакаттар, баннерлер, билбордтар, жарнамалық белгілер, сертификаттар, визиткалар және т.б);
- М. Тынышбаев атындағы АЛТ және Студенттік Үкімет туралы бейнероликтер мен жарнамалық материалдарды әзірлеу үшін қажетті деректерді жинау және оларды сапалы түрде дайындау;
- Университеттің жетістіктері мен маңызды іс-шараларын жариялау арқылы оның танымалдылығын арттыру.
Бұл комитет университеттің ақпараттық саясатын жүзеге асыруға және студенттермен байланыс тиімділігін арттыруға жауапты маңызды құрылым болып табылады.
Ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі комитет

Мамут Алина
Телефон: 8-747-877-76-12

Рахымжанұлы Есбол
Телефон:8-707-521-00-69
Ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі комитет — АЛТ университетінің ішкі өмірін жан-жақты дамыту, жетілдіру және студенттердің мақсаттары мен идеяларын жүзеге асыру үшін құрылған Студенттік үкіметтің ең белсенді және дамыған құрылымдарының бірі.
Комитет құрамына белсенді өмірлік ұстанымы бар, бастамашыл және жауапты студенттер кіреді. Олардың идеялары мен бастамалары университеттің студенттік өмірін мәдени, спорттық және ғылыми бағыттарда дамытуға ықпал етеді.
Комитеттің негізгі қызметі – университет қабырғасында және одан тыс жерлерде түрлі іс-шараларды ұйымдастыру. Бұл іс-шараларға мерекелік бағдарламалар, спорттық жарыстар, ғылыми конференциялар, қайырымдылық акциялары мен студенттердің шығармашылық және кәсіби өсуіне бағытталған жобалар жатады.
Комитеттің жұмысы – студенттік қауымдастықтың өмірін мазмұнды, қызықты әрі үйлесімді етуге бағытталған маңызды бастама.


