Select Page

Студенттер үйі

Тлеуов Қайрат Сейтханович

Студенттер үйі қызметінің меңгерушісі

Ташимов Ержан Елдейбаевич

Телефон: +7 708 938 2428

М. Тынышпаев атындағы ALT University — көлік-коммуникация кешені саласында мамандар даярлайтын жетекші көлік жоғары оқу орны. Университетте Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден келген жастар білім алады.

Заманауи талаптарға сай келетін жалпы ауданы 26 277,6 ш.м. құрайтын төрт жайлы Студенттер үйінде (бұдан әрі — СҮ) 2 000-нан астам студент тұрады. Әрбір Студенттер үйінде жайлы тұру, оқу және демалу үшін барлық жағдай жасалған, сондай-ақ жылы әрі достық қарым-қатынас атмосферасы қалыптасқан.

СҮ-де тұратын студенттердің мәселелерін шешу және мүдделерін қорғау мақсатында студенттік өзін-өзі басқарудың арнайы органы — Студенттер үйлерінің кеңесі жұмыс істейді.

ALT University-дің барлық Студенттер үйлерінде деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с дейінгі тегін сымсыз Wi-Fi желісі қолжетімді.

Студенттер үйлері тұруға қолайлы жағдайларымен және жоғары қауіпсіздік деңгейімен ерекшеленеді. Студенттер екі және үш орындық бөлмелерге орналастырылады.

Оқу процесін ұйымдастыру үшін Студенттер үйлерінде компьютерлік техникамен, қажетті оқу және көркем әдебиеттермен, сондай-ақ мерзімді басылымдармен жабдықталған оқу залдары қарастырылған. Оқу залдарында теледидарлар орнатылған.

Спортпен шұғылдану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру үшін барлық Студенттер үйлерінде жаттығу залдары жабдықталған. Сондай-ақ теннис үстелдері бар, ал қыздар үшін бөлек аэробика залы қарастырылған.

Әрбір Студенттер үйінде жайлы тұруға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін кітапхана, жаттығу залдары, асхана, ұялы телефон теңгерімін толтыру терминалдары, көшірме орталықтары және кір жуу бөлмелері жұмыс істейді. Студенттер үйлерінің аумағында демалыс алаңдары мен футбол алаңы орналасқан.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Студенттер үйлері сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бейнебақылау тәулік бойы, оның ішінде ғимараттардың әр қабатында жүргізіледі. Өткізу режимін кезекші вахтерлер тәулік бойы қамтамасыз етеді. Әрбір тұрғынға СҮ-ге кіру құқығын беретін негізгі құжат болып табылатын белгіленген үлгідегі рұқсатнама беріледі.

Студенттер үйлеріне орналастыру ALT University Студенттер үйлерінде білім алушылардың тұру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын Студенттер үйлеріне орналастыру 25 тамыздан басталады.

Студенттер үйлерінен орын беру тәртібі

ALT University Студенттер үйлерінде тұру құқығына Қазақстан Республикасының шалғай өңірлерінен, сондай-ақ басқа мемлекеттерден келген (шетел азаматтарын қоса алғанда) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және ақылы негізде білім алушылар ие.

Бірінші кезекте Студенттер үйлерінен орындар білім алушылардың мынадай санаттарына беріледі:

  • мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектер, II және III топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • кәмелетке толған кезде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы адамдар.

Оқу нысанына қарамастан (мемлекеттік білім беру тапсырысы немесе ақылы негіз), жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықта (қамқоршылықта) жүрген, туберкулезбен ауырған студенттерден бір оқу жылы ішінде тұру ақысы алынбайды.

Қажетті құжаттар тізбесі

Студенттер үйінде тұруды ресімдеу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • жеке куәліктің көшірмесі;

  • 3×4 см өлшемді 3 фотосурет;

  • № 075 нысаны бойынша медициналық анықтама (көшірмесі немесе электрондық түрде).

Ескертпе. Жеңілдіктер алуға құқығы бар талапкерлер қосымша мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

  • студенттің мүгедектігін растайтын қолданыстағы куәлік немесе анықтама;

  • ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктер;

  • туберкулез ауруын растайтын ДКК (ВКК) анықтамасы;

  • жеңілдіктер алу құқығын растайтын өзге де құжаттар.

Өтінім беру және орналастыру тәртібі

Студенттер үйінен орын беру үшін Platonus ААЖ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы онлайн-өтінім беру негіз болып табылады.

Platonus ААЖ арқылы онлайн-өтінім беру қадамдары:

  1. Университеттің ресми сайтына кіру. ALT University ресми сайтына өтіңіз. Басты бетте Platonus ААЖ жүйесін таңдаңыз.
  2. Жүйеде авторлану. Өзіңіздің логиніңіз бен құпиясөзіңізді пайдаланып жеке кабинетке кіріңіз.
  3. Интерфейс тілін таңдау. Жүйеге кіргеннен кейін өзіңізге ыңғайлы интерфейс тілін таңдаңыз.
  4. Өтінім беру бөліміне өту. Мәзірден «Студенттер үйінде тұруға өтінім» бөлімін таңдаңыз. Бұл бөлімде Студенттер үйлерінде тұру ережелері мен шарттары туралы ақпарат орналастырылған.
  5. Өтінімді жасау. Өтінім нысанын ашу үшін «Құру» батырмасын басыңыз.
  6. Жеке деректерді толтыру. Дұрыс және толық жеке ақпаратты көрсете отырып, өтінім нысанының барлық қажетті өрістерін толтырыңыз. Толтырғаннан кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз.
  7. Қажетті құжаттарды тіркеу. Барлық қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүктеңіз. Тұру ақысының төленгенін растайтын чекті міндетті түрде тіркеңіз.
  8. Өтінімді жіберу. Барлық құжаттарды тіркегеннен кейін «Сақтау» батырмасын тағы бір рет басып, содан кейін «Өтінім беру» батырмасын таңдаңыз.

Өтінімді жібермес бұрын барлық қажетті өрістердің толтырылғанына, құжаттардың толық көлемде тіркелгеніне және төлем чегінің жүктелгеніне көз жеткізіңіз.

Орналастыруды ресімдеудің кейінгі кезеңдері

Онлайн-өтінім берілгеннен кейін ресімдеу рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  1. Өтінімді қарау. Өтінішті университеттің жауапты қызметкерлері Platonus ААЖ-дағы «Жатақхана» модулі арқылы қарайды. Өтінімге жеке куәліктің сканерленген көшірмесі тіркелуі тиіс. Өтінімді қарау мерзімі — 3 жұмыс күні.
  2. Шартты ресімдеу. Өтінім мақұлданғаннан кейін студент тұру шартын екі данада толтыруы қажет.
  3. Төлемді растау. Тұру ақысы кемінде бір семестрге немесе оқу жылына толық көлемде төленуі тиіс. Төлемді растайтын чекті Platonus ААЖ-дағы онлайн-өтінімге міндетті түрде тіркеу қажет.
  4. Орналастыру туралы бұйрық шығару. Төлем расталғаннан кейін Platonus ААЖ-да нақты Студенттер үйі мен бөлме нөмірі көрсетіле отырып, Студенттер үйлеріне орналастыру туралы бұйрық ресімделеді.

Орналастыру туралы бұйрық шыққаннан кейін білім алушы тиісті Студенттер үйіне қоныстану құқығына ие болады.

Қоныстану кезінде өзімен бірге мынадай құжаттар пакеті болуы қажет:

  • флюорографиялық тексеру нәтижелері бар № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

  • жеке куәліктің көшірмесі;

  • 3×4 см өлшемді 4 фотосурет;

  • тұру ақысының төленгенін растайтын чек.

№1 Студенттер үйі

Бос орындар

127

№2 Студенттер үйі

Бос орындар

21

№3 Студенттер үйі

Бос орындар

34

№4 Студенттер үйі

Бос орындар

17

Студенттер үйі №1

1-СҮ меңгерушісі

Койшыбаева Жулдыз Кадыровна
Телефон: +7 (707) 426 46 66
Мекен-жайы: Мауленов көшесі 108a

№1 СҮ-де қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды ашу 2026 жылдың қаңтар айына жоспарланған.

Студенттер үйі №2

Жаксылыкова Аягоз

2-СҮ меңгерушісі

Жуманова Сулушаш Сраиловна

Телефон: +7 747 597 42 69
Мекен-жайы: Мауленов көшесі 110

Студенттер үйі №3

Жаксылыкова Аягоз

3-СҮ меңгерушісі

Хатиева Рано Сайдалиевна
Телефон: +7 707 478 9179
Мекен-жайы: Мауленов көшесі 112

Студенттер үйі №4

Калкеева Толкын

4-СҮ меңгерушісі

Калкеева Толқын Тайтолеуовна
Телефон: +7 707 984 0626
Мекен-жайы: Масаншы көшесі 88

Skip to content
Приемная комиссия