«I’m Volunteers» волонтерлік клубы

Жетекші
Турлыбек Айым
тел: 8 707 463 6783
«I’m Volunteers» – университеттің белсенді, бастамашыл және жүрегі мейірімге толы білім алушыларын біріктіретін ерікті клуб. Клуб қызметі жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға, қоғам игілігі үшін пайдалы істер атқаруға және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Волонтерлік қызметтің мақсаты
Білім алушы жастарды еріктілік қозғалысына тарту арқылы олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, тұлғалық дамуына және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау.
Негізгі міндеттері:
- жастарды еріктілер қозғалысына тарту және оны дамытуға үлес қосу;
- әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру (қайырымдылық акциялары, экологиялық шаралар және т.б.);
- белсенді өмірлік ұстаным мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру;
- студенттердің көшбасшылық және қоғамдық белсенділік дағдыларын дамыту;
- түрлі нысаналы топтармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.
Қызметінің негізгі бағыттары
- мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттау;
- әлеуметтік орталықтармен бірлескен жобалар ұйымдастыру;
- әлеуметтік осал топтарға (балалар, қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар) көмек көрсету;
- салауатты өмір салтын дәріптеу;
- акциялар, семинарлар және қайырымдылық іс-шараларын өткізу.
Еріктінің құқықтары мен міндеттері
- өз қызметіне жауапкершілікпен қарауға;
- гуманизм және мейірімділік қағидаттарын ұстануға;
- әлеуметтік қорғалмаған топтарға көмек көрсетуге;
- салауатты өмір салтын насихаттауға;
- университет көлеміндегі волонтерлік іс-шараларға белсенді қатысуға міндетті.
Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтастығы
«I’m Volunteers» клубының қызметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты:
ТДМ 3 – Сапалы денсаулық және әл-ауқат: салауатты өмір салтын насихаттау және профилактикалық жұмыстар жүргізу;
ТДМ 4 – Сапалы білім: жастардың бейресми білім алуына, көшбасшылық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға жағдай жасау;
ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту: әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету;
ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер: қоршаған ортаны абаттандыру және экологиялық акцияларға қатысу;
ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар: жастар арасында жауапкершілік, азаматтық белсенділік және құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
ТДМ 17 – Серіктестік арқылы мақсаттарға жету: әлеуметтік ұйымдармен және орталықтармен ынтымақтастық орнату.


