«LIVE BAND ALT»
Жетекші
Ерболат Сағынғали
Тел: +7 708 270 6640
«Live Band» аспаптық музыкалық клубы – студенттердің ерікті шығармашылық бірлестігі. Клуб қызметі студенттердің музыкалық-шығармашылық әлеуетін дамытуға, сахна мәдениетін қалыптастыруға және жанды аспаптық өнерді насихаттауға бағытталған.
Мақсаты
Студенттер арасында аспаптық музыкалық өнерді дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және белсенді студенттік ортаны қалыптастыру.
Негізгі міндеттері
- ансамбльдік және жеке орындаушылық дағдыларын дамыту;
- сахна мәдениетін және кәсіби мінез-құлықты қалыптастыру;
- концерттік бағдарламалар ұйымдастыру және университеттік іс-шараларға қатысу;
- дарынды студенттерді анықтау және қолдау;
- қалалық және жоғары оқу орындары арасындағы байқауларға қатысу;
- командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
Клуб мүшелерінің міндеттері:
- тәртіпті сақтау;
- репетицияларға тұрақты қатысу;
- клуб іс-шараларына белсенді араласу;
- музыкалық жабдықтарға ұқыпты қарау.
Клуб қызметі және ТДМ-ға қосқан үлесі
«Live Band» клубы Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) өз үлесін қосады:
ТДМ 4 — Сапалы білім беру
Шығармашылық құзыреттерді дамыту, бейресми білім беру, студенттердің мәдени деңгейін арттыру.
ТДМ 11 — Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар
Қалалық мәдени іс-шараларға қатысу, мәдени ортаны дамыту.
ТДМ 17 — Тұрақты даму мақсаттарындағы әріптестік
Басқа студенттік ұйымдармен және сыртқы шығармашылық алаңдармен ынтымақтастық орнату.


