Select Page

Жастар саясаты кеңсесі

Ахатай Ырысбек Исағалиұлы

Жастар саясаты кеңсесінің жетекшісі

Ахатай Ырысбек Исағалиұлы

Email: a.yrysbek@alt.edu.kz

Амантай Ерасыл Мейрханұлы

Жастар саясаты кеңсесінің бас маманы

Қадырбек Айзада Есетқызы

Email: a.kadyrbek@alt.edu.kz

Жастар саясаты кеңсесі (бұдан әрі – ЖСК) «Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ-ның Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңсе мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға және белсенді, әлеуметтік жауапты әрі бастамашыл студенттік ортаны қалыптастыруға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

Миссиясы мен негізгі міндеттері

Жастар саясаты кеңсесінің қызметі студент жастардың жан-жақты дамуына, олардың зияткерлік, шығармашылық, көшбасшылық және қоғамдық әлеуетін ашуға, сондай-ақ университет өміріне белсенді қатысуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Студенттік өзін-өзі басқару – білім алушыларды университеттің қоғамдық өміріне және басқару үдерістеріне тартудың негізгі тетіктерінің бірі. Ол бастамашылдық, демократиялық қағидаттар, жауапкершілік, теңдік және ашық өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылатын қоғамдық белсенділіктің дербес нысаны болып табылады.

Жастар саясаты кеңсесі студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларын дамытуға, студенттік бастамаларды қолдауға және жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға ықпал етеді.

Студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы өзара байланысты нығайтуға, білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және студенттік қоғамдық бірлестіктерді дамытуға ерекше назар аударылады.

Қызметінің негізгі бағыттары

Жастар саясаты кеңсесінің негізгі қызмет бағыттары:

  • Студенттік Үкіметтің, студенттік ұйымдардың, бірлестіктердің, клубтар мен бастамашыл топтардың қызметін үйлестіру;
  • студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту және университеттік ортаны жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдау;
  • студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу және университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдармен, жастар ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастық орнату;
  • студент жастардың өзекті мәселелерін анықтау және оларды уақтылы шешуге ықпал ету;
  • студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, азаматтық жауапкершілігін, әлеуметтік белсенділігі мен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
  • мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси, білім беру, спорттық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру;
  • волонтерлік қозғалысты, қайырымдылық бастамаларды және студенттердің қоғамдық пайдалы қызметін қолдау.

Негізгі қызмет түрлері

Жүктелген міндеттерді іске асыру аясында Жастар саясаты кеңсесі келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын университетте жүзеге асыру;
  • жастардың азаматтық қалыптасуына, әлеуметтік бейімделуіне және жан-жақты дамуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • студенттердің қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау.
  1. Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту
  • Студенттік Үкімет қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсету;
  • студенттік комитеттердің, клубтардың, бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың дамуына ықпал ету;
  • студенттік бастамаларды, жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды қолдау;
  • студенттерді университет өмірінің өзекті мәселелерін талқылау және шешу үдерістеріне тарту.
  1. Құқықтық тәрбие және профилактикалық жұмыс
  • студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • құқық бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлық көріністерінің, буллингтің, алаяқтықтың және басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізу;
  • құқық қорғау органдары мен бейінді мемлекеттік құрылымдар өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;
  • діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамдық нормаларға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
  1. Азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие
  • азаматтық бірегейлік пен патриотизмді нығайтуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;
  • мемлекеттік рәміздерге, Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасына құрметпен қарауды дамыту;
  • тақырыптық кездесулер, форумдар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер мен ағартушылық іс-шаралар өткізу;
  • этносаралық және конфессияаралық келісім, өзара құрмет пен қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
  1. Мәдени-көпшілік және қоғамдық қызмет
  • университеттік мерекелерді, фестивальдерді, шығармашылық конкурстар мен тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • студенттердің шығармашылық әлеуеті мен мәдени бастамаларын дамытуға ықпал ету;
  • бос уақытты тиімді ұйымдастыру және жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту;
  • волонтерлік, қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды қолдау.
  1. Салауатты өмір салты және спорттық белсенділік
  • студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  • спорттық жарыстар, турнирлер, эстафеталар және бұқаралық сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
  • дене шынықтыру мен студенттік спортты дамытуға ықпал ету;
  • өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар өткізу.
  1. Әлеуметтік қолдау және жастар бастамаларын дамыту
  • студенттердің әлеуметтік бейімделуіне және қолайлы студенттік ортаны қалыптастыруға жәрдемдесу;
  • жастардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған бастамаларды қолдау;
  • еріктілік, әлеуметтік жауапкершілік және өзара көмек мәдениетін дамыту;
  • студенттердің кәсіпкерлік, жобалық және инновациялық бастамаларын дамытуға ықпал ету;
  • студенттердің сабақтан бос уақытында уақытша жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мәселелері бойынша мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

Біздің басымдығымыз

Жастар саясаты кеңсесі әрбір студент өз бастамасын көтеруге, жеке әлеуетін жүзеге асыруға, өз идеяларына қолдау табуға және университет пен қоғамның дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік алатын университеттік ортаны қалыптастыруға ұмтылады.

Біз бастамаларды қолдаймыз, көшбасшылықты дамытамыз және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашамыз.

Студенттік үкімет

Комитеттер

Студенттік клуб

Студенттің ар-намыс кодексі

Студенттік басқарма

Сенат

Эдвайзер-кураторлық қызмет

Skip to content
Приемная комиссия