2026 жылдың 10 қыркүйегінде ALT Университетінің №1 Студенттер үйінде «Суицидтік мінез-құлықтың себептері, функциялары және формалары: қауіп факторлары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисі БҰҰ-ның №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырды.
Спикер ретінде Алматы қаласындағы №7 емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Әсем Жеңісова сөз сөйледі. Іс-шараға Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің басшысы Дария Шабденова қатысты.
Семинарға №1 Студенттер үйінде тұратын 1-курс студенттері қатысты. Кездесу барысында бірінші курс студенттері эмоционалдық күйзеліс белгілерін тануды, айналадағы адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуды және кәсіби психологиялық көмекке жүгінудің қауіпсіз жолдарын талқылады.
Автор: Шабденова Д. Р.


