11 сәуірде №7 Қалалық емхана өкілдерімен «Репродуктивті денсаулықтың алдын алу» (ерте қалаусыз жүктілік, ЖЖБИ, оның ішінде АИТВ), «Психикалық денсаулықтың алдын алу» (суицид) тақырыптарында кездесу өтті. Дәрігер акушер-гинеколог Джалелова Тейба Зиатхановна» Репродуктивті денсаулықтың алдын алу» тақырыбында, ерте жүктіліктің әйел денесіне әсері туралы презентация өткізді. Сондай-ақ, клиникалық психолог Лавров Антон Валерьевич адамның психикалық жағдайы, стресстік жағдайдан қалай шығу керектігі туралы өзекті мәселелер бойынша әңгімелесті. Профилактикалық әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтыратын тақырыптарға сұрақтар қойды.