16 мамырда №7 Қалалық емхана өкілдерімен «Темекі шегудің, алкоголизмнің, нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Д. Т. Құсайынова наркотикалық заттардың адам әсері, нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы презентация өткізді. Сондай-Ақ Қ.А. Иса темекінің зияны және алколизмнен келетін қатерлі жағдайдан қалай шығу керектігі туралы өзекті мәселелер бойынша әңгіме жүргізді. Профилактикалық әңгіме барысында студенттер өздерін қызықтыратын тақырыптарға сұрақтар қойды.