Select Page

2025 жылғы 12 желтоқсанда «Жасанды интеллект» пәні аясында Telegram чат-ботын әзірлеу бойынша кейс тапсырмаларын қорғау өтті.

Іс-шараның мақсаты — жасанды интеллект платформаларын пайдалана отырып, Telegram чат-боттарын жобалау және іске асыру бойынша студенттердің практикалық дағдыларын дамыту. Аталған конкурсты АКТ кафедрасының оқытушысы Қайржанова А.А. ұйымдастырды.

Конкурс IT электр энергетикасы білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері арасында өткізілді. Қатысушылар өз жобаларын қорғау барысында жасанды интеллект технологияларын тәжірибеде қолдану қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

Кейс тапсырмасы аясында студенттер Python бағдарламалау тілін қолдана отырып, Telegram чат-боттарын әзірледі. Жалпы 13 жоба ұсынылды. Студенттер командаларға бөлініп, әрбір командада қатысушыларға нақты рөлдер бекітілді. Жобаны орындау барысында әр студент өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен және жүйелі түрде орындады. Командалар келесі рөлдер бойынша жұмыс істеді: Product Manager, Analyst, System Administrator (SysAdmin), Developer, Designer. Барлық жобаларды басқару және жоспарлау Trello платформасы арқылы жүзеге асырылды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынға ие болған — ALT DESK командасы.

Команда мүшелері:

Сейдуллаев Асқар — Developer (Team Leader)

Туребайұлы Дамир — System Administrator

Шынжырбек Еркеназ — Graphic Designer

Skip to content
Приемная комиссия