2026 жылғы 14 сәуірде М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің коворкинг алаңында Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында ауқымды инклюзивті сессия өтті. Іс-шара университеттің Теңдік және инклюзия саясатын жүзеге асыру мақсатында Инклюзивті білім беру және жастар денсаулығы офисінің жетекшісі Дария Шабденованың бастамасымен ұйымдастырылды.
Сессияға барлық білім алушылар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар студенттер қатысты. Шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорымен серіктестікте «Әрбір адам маңызды» жобасы аясында өткізілді.
Бағдарлама аясында Satbayev University психологиялық қызметінің жетекшісі Айгерим Сүлейменова «Өзін-өзі бағалау (практикалық интенсив)» тренингін жүргізді. Шара барысында қатысушылар мен эдвайзерлер:
-
Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтап, тұлғалық ресурстарын талдады;
-
Сенімділікті арттыруға бағытталған практикалық дағдыларды меңгерді;
-
Инклюзивті және дискриминациясыз орта қалыптастырудың маңызын түсінді.
Бұл бастама ALT университетінде теңдік, құрмет және инклюзивті мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.


