ALT Университетінде 2026 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелде білім алуға үміткерлерді іріктеу байқауының қорытындысы шықты!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығы аясында биыл біздің университетке мемлекеттік бюджет есебінен шет елде білім алу үшін 2 гранттық орын бөлінген болатын. Салтанатты іріктеуге түрлі білім беру бағдарламаларынан жоғары үлгерім (GPA) мен шет тілін жетік меңгергендігін дәлелдеген 19 студент қатысып, бақ сынасты.
Басқарма Төрағасы – Ректор М.С. Жармагамбетованың төрағалығымен өткен ашық комиссия отырысында үміткерлердің уәждемелік хаттары, жетістіктері және сұхбаттасу нәтижелері жан-жақты бағаланды. Комиссия құрамына сыртқы сарапшылар – ҚР Президенті жанындағы ҚРҰҒА «Көлік ғылымы мен технологиясы» институты Директорының кеңесшісі Б.Б. Рамазан және Алматы қаласы мәслихатының депутаты С.А. Есматов арнайы шақырылды.
🏆 Игілікті бәсекеде ең жоғары балл жинап, жеңімпаз атанған студенттерімізді мақтанышпен таныстырамыз:
1. Тұрсынбай Дінмұхамед Мэльсұлы – «Халықаралық логистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті (291 балл);
2. Данияр Аружан – «Кадастр және қала құрылысы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті (284 балл).
Комиссия мүшелерінің бірыңғай дауыс беруімен бұл кандидаттар шет елдік жоғары оқу орындарына білім алуға жолдама алды! Халықаралық ынтымақтастық департаменті студенттердің құжаттарын рәсімдеу және қолдау жұмыстарын бастап кетті.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шет елде отандық ғылым мен ALT Университетінің атын жоғары дәрежеде танытатындарыңызға сенеміз!
Автор: Амирқұл Б. С.


