2022 жылғы 30 наурызда сағат 12.30-да конференц-залда академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Т. Бахтияр Академияның оқу топтарының Эдвайзерлерімен кездесті. Кездесуге институт директорлары, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және жастар саясаты және маркетинг Департаментінің директоры қатысты.
Эдвайзерлердің студенттермен келесі негізгі сұрақтары талқыланды:
– студенттермен және олардың ата-аналарымен мессенджерлердегі чаттар, әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар, ұялы байланыс арқылы әлеуметтік өзара әрекеттесу;
– студенттермен және олардың ата-аналарымен чаттардағы жұмыстың тиімділігі;
– оффлайн режимде Эдвайзерлік сағаттарды ұйымдастыру;
– студенттік топтарды тәрбиелік жобалар мен іс-шараларға тарту деңгейі.
Эдвайзердің міндеті: білім алушыларға оқытудың жеке траекториясын анықтауға және білім беру бағдарламасын игеруге көмек көрсету, тиісті мамандық бойынша оқыту траекториясын таңдау кезінде білім алушылардың қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау; пәндерді таңдау кезінде білім алушылар үшін консультациялар өткізу; білім алушыларға жеке оқу жоспарларын құрастыруға жәрдемдесу, қажет болған жағдайда оларды түзету; сараптамалық комиссиялардың жұмысына қатысу, білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін студенттердің академиялық дәрежесі мен оқу үлгерімі мәселелерін қарастырады.