Select Page

15.03.2023 ж. «Тілдік дайындық» кафедрасында педагогика ғылымдарының магистрі, Сүлейман Демирел атындағы университеттің Көпсалалы білім беру орталығының аға оқытушысы Багила Абенқызы Ускенбаеваның онлайн қонақ дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы: «Академиялық жазу. Оны құрастыру принциптері».

Баяндамашы «академиялық жазу» ұғымын ашып, академиялық жазба жазудың жанрлары мен принциптеріне тоқталды. Академиялық мәтіндерді құрастырудың лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері айтылды. Қонақ дәріс барысында Ускенбаева Б.А. ғылыми мәтін архитектурасының негізгі принциптерін көрсететін презентацияны ұсынды.

Жалпы, дәріс өте қызықты және мазмұнды болды.

Приемная комиссия