Select Page

2025 жылдың 21-6 сәуірі аралығында. «АКҚжәнеӨТҚ» кафедрасы ассоц.  профессоры К.Ә.Жүсіпов  қазақхалқының даңқты қыздары Әлия, Мәншүк және Хиуаз мұраларын зерттеуші ретінде Университеттің түрлі лектерінде қастерлі мереке — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған  бірнеше шолу дәрістерін өткізді.

Ұлы Отан соғысына байланысты оқиғалар тарих түбіне тереңдей түскен сайын Отан үшін от кешкен жауынгерлерді еске алу біздің басты міндетіміз болып табылады. Естелік эстафетасын жеткізу, өскелең ұрпаққаҰлы Жеңіске қол жеткізген аға буын өкілдері ерліктерінің ұлылығын көрсету — бүгінгі таңда жастарға патриоттықтәрбие беру міндеттерінің бірі болып табылады.

Осыған байланысты Кеңес Әмірліұлы жастарға Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетіп, аттары аңызға айналған апаларымыздың қысқа да қаһармандық өмірі туралы айтып берді, сондай-ақ Университетстуденттерінің біздің даңқты қазақ қыздары жерленген Ресейдің Псков өлкесіне сапарлары туралы әңгіме жүргізді.

Skip to content
Приемная комиссия