Select Page

ТДМ 4 «Сапалы білім» мақсатын іске асыру аясында 2026 жылғы 17 сәуірде М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы «6В061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағытын дамыту перспективалары» тақырыбында форсайт-сессия өткізді.

Іс-шараға цифрлық экономиканың негізгі салаларында  финтех, телекоммуникация, IT-әзірлеу, білім беру және өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін еліміздің жетекші компанияларының өкілдері қатысты. Олардың қатарында: «Halyk Bank» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Freedom Bank» АҚ, «Kcell» АҚ, «QSTEM» ЖШС, «Juz40 Education» ЖШС, «QAZAQ Investment Company» ЖШС, «Energy System Logistics» ЖШС, «GameChanger» ЖШС, «Hyper Technology» ЖШС, сондай-ақ университеттердің бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімдерінің басшылары болды. Қатысушылар қатарында мол тәжірибесі бар және саланың өзекті үрдістерін терең түсінетін сарапшылар мен басшылар қатысты.

Сессия барысында кафедраның білім беру бағдарламалары қарастырылды: 6В06116 — «Ақпараттық жүйелер», 6В06118 — «Бағдарламалық инженерия» және 6В06126 — «Қолданбалы жасанды интеллект». Қатысушылар пәндердің мазмұнын талқылап, еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып жаңартулар ұсынды, сондай-ақ студенттердің тәжірибеге бағытталған даярлығын күшейту қажеттігін атап өтті.

Индустриямен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау қорытындысы бойынша студенттердің қатысушы компанияларда өндірістік тәжірибеден өтуі, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Жақын уақытта «АКТ» кафедрасы алынған ұсыныстарды ескере отырып оқу жоспарларын жаңартуды, сондай-ақ серіктестік келісімдер жасау жұмысын жандандыруды жоспарлап отыр. Бұл тәжірибелер ұйымдастыруды, нақты кейстер негізінде дипломдық жобалар әзірлеуді, қонақ дәрістер мен бірлескен хакатондар өткізуді қамтиды.

Мұндай өзара іс-қимыл студенттерге өзекті білім алып қана қоймай, оқу барысында құнды тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Кафедра форсайт-сессияның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны, кәсіби диалог жүргізгені және білім беру бағдарламаларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Ақпараттық технологиялар саласында табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Skip to content
Приемная комиссия