25 қыркүйекте Тараз қаласындағы Jas Tamir Elite School оқушылары Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетіне келді. Кампус-тур барысында оқушылар университеттің зертханалары мен оқу кеңістіктерін аралап, білім беру бағдарламалары және оқуға түсу талаптарымен танысты. Сондай-ақ университет өкілдерімен тікелей тілдесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Университетпен танысу оқушылардың болашақ мамандығы туралы ойлана бастайтын кезеңде ерекше маңызды. Оқу үдерісін ішінен көру, университет инфрақұрылымымен танысу және өз сұрақтарын қою білім алудың келесі кезеңі туралы нақтырақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сапар барысында оқушыларға ALT Университетіндегі білім беру бағыттары, білім беру бағдарламалары және студенттер үшін ашылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді. Оқуға түсу талаптары мен университеттегі оқу ерекшеліктеріне де ерекше назар аударылды.
Кампус-турдың практикалық бөлігі университет зертханаларында өтті. Оқушылар мамандарды даярлау барысында қолданылатын оқу жабдықтары мен заманауи кеңістіктерді көріп, теориялық білімнің оқу үдерісінде тәжірибеде қалай жүзеге асатынымен танысты.
Мұндай кездесулер болашақ талапкерлерге университет туралы ақпарат алып қана қоймай, білім беру ортасы, таңдаған мамандығына қойылатын талаптар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы өзіндік түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Автор: Алия Ерлан


