Алматы қаласында жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған ең ауқымды мәдени жобалардың бірі — «JAS GALA — 2026» студенттік көктем шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті. 2026 жылғы 23 мамырда фестивальдің финалдық кезеңі мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Алматының әсем атмосферасында ұйымдастырылған бұл кеш талантты жастардың басын қосқан өнер мерекесіне айналды. Жалпы жүлде қоры 7 500 000 теңгені құраған байқауда үздік шығармашылық ұжымдар мен белсенділер қаржылай сыйлықтармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
Фестиваль қорытындысы бойынша М. Тынышбаев атындағы ALT Университетінің студенттері жоғары дайындық пен ерекше талант көрсетіп, келесі жүлделі орындарды иеленді:
-
Студенттік үкімет президенті Ембергенова Сабина Асқарқызы — «Жастар ісі жөніндегі үздік төраға» номинациясының иегері атанды.
-
«ART Dombyra» домбыра клубы — ІІ орын;
-
«Salt Qaganat» театр клубы — ІІ орын.
Сонымен қатар, ALT Университеті Студенттік үкіметінің белсенділері фестиваль аясында волонтерлік қызмет атқарып, жоғары қоғамдық жауапкершілік танытты. Университет жастары қалалық жобалармен қатар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қолдау көрсетті.
Бұл жетістіктер — жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, мәдени құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам. Аталған бастамалар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» және №17 «Мақсаттар жолындағы серіктестік» бағыттарымен толық үндеседі. ALT жастары кез келген ортада белсенді, жаңашыл әрі шығармашыл екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


