2022 жылғы 14 наурызда Логистика және көлік академиясы Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттік командаларының қатысуымен ҚазБСҚА Ғылыми Кеңесінің залында Халықаралық «Пи» санының күніне арналған зияткерлік шоуға қатысты.
Біздің академиядан 6 студенттен тұратын «220 ALT» командасы қатысты, олардың арасында болашақ ЭЭ, ПМ, ААХ, АДА және Л мамандықтарының мамандары болды.
Нәтижелер қорытындысы бойынша Логистика және көлік академиясы «220 АLТ» командасына Алматы қаласындағы 10 ЖОО арасынан үздік деп танылып 1-орын берілді.
Команда жетекшісі «Энергетика» кафедрасының оқытушылары т. ғ. к. қауымдастырылған профессор Ахметова Патам Тургановна және ф-м. ғ. к., ассистент профессор Дьяченко Елена Анатольевна
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және сіздердің бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!