Select Page

2025 жылғы 17 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Алматы қаласында, М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында Қазақстан жоғары оқу орындарының басшылық құрамы үшін жасанды интеллектіні жоғары білім мен ғылым жүйесінде қолдануға арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылды.

Бағдарлама жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясы мен цифрлық кемелдігін арттыруға қажетті құзыреттерді дамытуға бағытталды. Бағдарлама аралас форматта өтті: онлайн және офлайн кезеңдерді қамтыды.

Бағдарламаны ҚР ҒЖБМ, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығы және М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті ұйымдастырды.

Қорытынды офлайн-кезең 9–10 қазан күндері М.Тынышбаев атындағы ALT Университеті базасында өтіп, Қазақстанның 40 жоғары оқу орнынан келген 100-ден астам қатысушыны — ректорларды, проректорларды және құрылымдық бөлім басшыларын — біріктірді.

Қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Р.А. Алшанов пен М.Тынышбаев атындағы ALT Университетінің Басқарма төрайымы – Ректоры М.С. Жармагамбетова арнады.

Оқу барысында жоғары оқу орындары басшылары:

  • жасанды интеллектіні білім мен ғылымда қолданудың халықаралық және қазақстандық тәжірибесімен;
  • университеттерді басқарудағы ЖИ-ні пайдалану бойынша практикалық кейстермен;
  • заманауи цифрлық маркетинг құралдарымен;
  • ЖИ көмегімен бизнес-процестерді оңтайландыру мүмкіндіктерімен танысты.

Спикерлер қатарында жетекші технологиялық компаниялардың (Microsoft, Yandex Qazaqstan) өкілдері, сондай-ақ EDUTech Future (Сингапур), UNICEF және цифрлық технологиялар мен білім беру саласындағы сарапшылар болды.

Оқудың маңызды элементі — жасанды интеллектты енгізу бойынша практикалық use-case жобаларын әзірлеу, бұл қатысушыларға өз ұйымдарын цифрландыруға арналған дайын шешімдер жасауға мүмкіндік берді.

Бағдарламаның негізгі спикерлерының бірі болып ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбек пен Вице-министр Гүлзат Көбенова қатысты. Министр өз сөзінде жасанды интеллектіні енгізу ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы екенін атап өтіп, жасанды интеллект саласында кадрларды даярлаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.

Бағдарлама тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындарының цифрлық даму стратегияларын қалыптастыру және университеттер мен жасанды интеллект саласының жетекші сарапшылары арасындағы ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

Skip to content
Приемная комиссия