2026 жылдың 17 сәуірі күні ALT университетінде студенттер арасында «ALT Barysy – 2026» қазақша күрес сайысының финалдық кезеңі өтті. Жарысқа университет студенттері қатысып, 75 кг дейін және 75+ кг салмақ дәрежелері бойынша өзара бақ сынады.
Бұл спорттық шара студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлттық спортты дәріптеуге және жастардың физикалық белсенділігін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірнеше бағытымен үндеседі. Атап айтқанда, ТДМ 3 – «Сапалы денсаулық және әл-ауқат», яғни жастар арасында спортты дамыту арқылы денсаулықты нығайтуға ықпал етеді.
Қазақша күрес – халқымыздың бай мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Осындай сайыстар арқылы студенттер ұлттық құндылықтарды құрметтеуді үйреніп қана қоймай, өзара достық, құрмет пен әділ бәсекелестік рухын қалыптастырады.
Финалдық кезеңі тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушылар өздерінің күш-қайратын, шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетіп, көрермендерге ерекше спорттық атмосфера сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
- 75 кг дейін — Гричик Данил
- 75 кг + — Нұртаза Ержігіт үздік нәтиже көрсетіп, «ALT Barysy – 2026» белдігіне ие болды.


