2025 жылғы 12 сәуірде «Ким асар» шатқалында «Табиғатты болашақ үшін сақтайық!» атты эко-челлендж өткізілді. Іс-шараның мақсаты — полиэтилен пакеттерін пайдалануды азайтып, оларды көп реттік экосөмкелерге ауыстыру. Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға деген сананы арттыруға бағытталған.
Экологиялық челлендж кафедра мүшелерінің көпшілігін күнделікті өмірде экосөмкелерді қолдануға шабыттандырды. Бұл әрекет болмашы болып көрінгенімен, қоршаған ортаның ластануын азайтуға үлкен үлес қосады.
Экологиялық әдеттерді енгізу ауа мен судың тазаруына және зиянды заттардың азаюына алып келуі мүмкін.