Select Page

2026 жылғы 27 қазанда М. Тынышпаев атындағы ALT University Инженерия мектебінде № 6 Тұрақты даму мақсаты — «Таза су және санитария» аясында «Таза су — тұрақты болашақтың негізі» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық семинар өткізілді.

Семинар барысында су ресурстарын сақтау, халықты сапалы әрі қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету, су айдындарының ластануын болдырмау және суды ұтымды пайдалану мәселелері қарастырылды. Қазақстандағы су ресурстарына байланысты экологиялық проблемаларға, сондай-ақ суды үнемді әрі тиімді пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Инженерия мектебінің студенттері талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті және күнделікті өмірде суды үнемдеудің тиімді жолдарын ұсынды.

Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыру, су ресурстарын пайдалануға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңыздылығын түсіндіру.

Өткізілген семинар студенттердің экологиялық мәдениетін дамытуға, сумен қамтамасыз ету саласындағы жаһандық және өңірлік мәселелер туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ табиғи ресурстарды болашақ ұрпақ үшін сақтаудағы жеке жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.

Автор: Сулеева Н. З.

Skip to content
Приемная комиссия