2026 жылғы 21 мамырда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-де Қазақстанның барлық аймағынан дарынды мектеп оқушыларының басын қосқан ALT Olympiad 2026 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Олимпиада 27 ақпан мен 28 сәуір аралығында өтіп, үш іріктеу кезеңін қамтыды. Алғашқы тур онлайн форматта, екіншісі университет базасында ұйымдастырылса, қорытынды кезең шығармашылық тапсырмаға арналды — қатысушылар Reels форматында бейнероликтер жариялады.
Биыл олимпиадаға деген қызығушылық рекордтық деңгейге жетті: бастапқы кезеңге 3500-ден астам талапкер қатысты. Конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша төрт бағыт бойынша ең үздік қатысушылар анықталды: физика–математика, география–математика, информатика–математика және шығармашылық емтихан.
Олимпиаданың бас жүлдесі — ALT University-де толық оқу кезеңіне арналған ректорлық гранттар. Оған әр бағыт бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған 12 мектеп оқушысы ие болды.
|
№ |
ФИО |
Итоговый балл |
|
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Мухаметжан Тұмар |
127 |
|
2. |
Герман Арсений |
106 |
|
3. |
Төлеуғазы Нұр |
103 |
|
ГЕОГРАФИЯ-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Кажанова Назым |
117 |
|
2. |
Анваров Диас |
116 |
|
3. |
Дархан Разақұлы |
113 |
|
ИНФОРМАТИКА-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Құлахмет Жансая |
92 |
|
2. |
Бейбітқызы Жанасыл |
91 |
|
3. |
Тілектес Нұрқанат |
88 |
|
ТВОРЧЕСКИЙ ЭКЗАМЕН |
||
|
1. |
Дәрібай Гүлнұр |
104 |
|
2. |
Сатыбалды Дидар |
84 |
|
3. |
Қазына Керімбай |
81 |
Сонымен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қосымша білім беру жеңілдіктері табысталды:
-
12 талапкер бір жыл бойы оқу ақысына 50% жеңілдік алды;
|
№ |
ФИО |
Итоговый балл |
|
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Амангелдиев Динмухамед |
90 |
|
2. |
Ahan Dinala |
84 |
|
3. |
Сейітбек Айзере |
81 |
|
ГЕОГРАФИЯ-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Анжан Алихан |
111 |
|
2. |
Орынбек Дулат |
103 |
|
3. |
Насырова Милана |
102 |
|
ИНФОРМАТИКА-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Мұқамеден Гауһар |
87 |
|
2. |
Әбілхан Алдияр |
86 |
|
3. |
Керімжан Дамеля |
83 |
|
ТВОРЧЕСКИЙ ЭКЗАМЕН |
||
|
1. |
Валишанова Рамина |
80 |
|
2. |
Билібай Назерке |
74 |
|
3. |
Алшинбеков Айсултан |
71 |
- 12 қатысушы бір жыл бойы оқу ақысына 30% жеңілдікке ие болды;
|
№ |
ФИО |
Итоговый балл |
|
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Өркенқызы Балым |
80 |
|
2. |
Турарбек Нұрлыжан |
74 |
|
3. |
Цыбуля Дмитрий |
70 |
|
ГЕОГРАФИЯ-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Жакупова Аружан |
99 |
|
2. |
Джасанова Дильназ |
92 |
|
3. |
Мықтибек Бейбарыссұлтан |
92 |
|
ИНФОРМАТИКА-МАТЕМАТИКА |
||
|
1. |
Қадырбай Арайлым |
81 |
|
2. |
Мавлен Аяулым |
80 |
|
3. |
Сарман Санат |
78 |
|
ТВОРЧЕСКИЙ ЭКЗАМЕН |
||
|
1. |
Рыспеков Мади |
68 |
|
2. |
Әлмұқан Бибігүл |
68 |
|
3. |
Шерулла Ләйлинур |
68 |
- Тағы 50 мектеп оқушысына оқу ақысына 15% жеңілдік сертификаттары берілді.
Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетова финалға шыққан әрбір қатысушы жоғары дайындық деңгейін, мақсатқа ұмтылыс пен тоқтаусыз дамуға деген ынтасын көрсете білгенін атап өтті.
«Бүгінгі марапат — бұл тек білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің бағалануы ғана емес, сонымен бірге өздеріңіз бен болашақтарыңыздың алдындағы үлкен жауапкершілік. Бұл — үлкен жолдың басы ғана. Алда сіздерді ҰБТ, мамандықты саналы таңдау, студенттік өмір, жаңа білім, ашылулар мен үлкен мүмкіндіктер күтіп тұр. Өз күштеріңізге сенімді болыңыздар, жоғары нәтижелер мен қойылған мақсаттарға жетуде батылдық тілеймін. Сіздерді ALT University студенттерінің қатарынан көруге және бірлесіп табысты кәсіби болашағыңызды құруға қуаныштымыз», — деді Меруерт Жармағамбетова.
Дарынды жастарды қолдау — ALT University-дің басты басымдықтарының бірі. Университет мектеп оқушылары мен студенттердің әлеуетін ашуға, олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ экономикасы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға барлық жағдайды жасауды жалғастыра береді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және оларға ҰБТ-ны сәтті тапсырып, таңдаған мамандығына қарай нық қадам басуларына тілектеспіз!


