Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 9-мақсаты «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» аясында Радиотехника және телекоммуникациялар департаментінің 1-курс студенттеріне «Алматытранстелеком» АҚ-на танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараны ұйымдастыруға департамент оқытушысы Немербаева Меруерт Қайратқызы бастамашы болды. Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынның қызметімен, телекоммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеу ерекшеліктерімен, ақпаратты тарату технологияларымен және сала мамандарының кәсіби қызметімен танысты.
Экскурсияның мақсаты – студенттердің кәсіби дүниетанымын кеңейту, болашақ мамандығы туралы практикалық түсінігін қалыптастыру және телекоммуникация саласындағы инновациялық технологияларға қызығушылығын арттыру.
Осындай іс-шаралар білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыруға, инновацияларды енгізуге бағытталған ТДМ 9 мақсатын іске асыруға ықпал етеді.
Автор: Немербаева М. Қ.


