Select Page

2026 жылғы мамыр айында оқу-тәрбие жұмыстары аясында «Ақпараттық жүйелер» (ИС) мамандығының 1-курс студенттеріне арналған Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне танымдық-экскурсиялық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — болашақ ІТ-мамандарының рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту, ұлттық әдеби мұраға деген сүйіспеншілігін арттыру және қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өлшеусіз шығармашылық мұрасымен таныстыру болды.

Экскурсия барысында студенттер музейдің бірегей экспозицияларын тамашалап, ұлы жазушының өмір жолы, оның ғылыми-педагогикалық қызметі мен әлемге танымал әдеби туындылары туралы терең мағлұмат алды. Сонымен қатар, жастар музей қорында сақталған құнды тарихи құжаттарды, қолжазбаларды, сирек кездесетін фотосуреттер мен суреткердің жеке заттарын өз көздерімен көрді. Бұл сапар студенттерге Мұхтар Әуезовтің тек қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге отандық ғылымның дамуына қосқан ауқымды үлесін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырылған мәдени шара студенттердің эстетикалық талғамын арттырып, олардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін ұялатуға септігін тигізді.

Skip to content
Приемная комиссия