Select Page

2026 жылғы 10 қыркүйек  күні №4 Тұрақты даму мақсаттары, «Сапалы білім» аясында «ТД» департаментінің сениор лекторы Алиева С.А. А.Байтұрсыновтың мұражайында «ҚР тілдері күні. А.Байтұрсынов» тақырыбында сабақ өткізді.

«ТД» департаментінің  сениор-лекторы Алиева С. А. осы іс-шараны өткізе отырып қазақ тілінің даму жолдары мен оны дамыту үшін үлкен еңбек сіңірген А.Байтұрсыновтың ролі туралы  айтып өтті.

  • Араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бейімдеп, «Төте жазу» әліпбиін түзеді. Бұл халықтың ана тілінде тез сауат ашуына жол ашты.
  • Қазақ тіл білімінің терминологиясы: Қазақ тіліндегі ғылыми терминдер мен грамматикалық ұғымдардың (сабақты, салалас, бастауыш, баяндауыш т.б.) алғашқы ғылыми жүйесін қалыптастырды.
  • Әдебиет теориясы: «Әдебиет танытқыш» еңбегі арқылы қазақ әдебиеттану ғылымының теориялық негізін салып, әдеби тілді байытуға үлкен үлес қосты.
  • Тіл тазалығы мен ұстанымы: Ол «білім ана тілінде берілуі керек, жазу тілдің табиғатына сай болуы қажет» деген терең ғылыми тұжырымдарды ұсынды

Нәтижесінде бұл  іс-шара студенттердің тұрақты даму мақсаттары туралы білімдерін кеңейтуге, қазақ тілі және А.Байтұрсыновтың ролі туралы білімдерін толықтырып, тілге деген құрметтері артты деп қорытынды шығаруға болады.

Автор: Досмағанбетова Н. Б.

Skip to content
Приемная комиссия