Select Page

Университет пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау үшін арнайы студенттік бригадалар жасақталды, олар қазіргі уақытта Қызылорда, Қарағанды және Семей өңірлерінің теміржол учаскелерінде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта студенттер теміржол тораптарын, станциялар мен аралықтарды геодезиялық түсіру жұмыстарын жүргізіп, инфрақұрылымды зерттеуге және кейінгі камералдық өңдеу үшін мәліметтер жинауға тікелей қатысуда.

Өндірістік практикаға ALT University-ден 44 өкіл жолданды: оның 36-сы студенттер болса, 8-і студенттік бригадаларға жетекшілік ететін профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ). Сонымен қатар студенттердің бір бөлігі Астана қаласында далалық өлшеу нәтижелерін өңдеу және техникалық құжаттаманы дайындау бойынша камералдық жұмыстарды атқаруда.

Практика барысында білім алушылар заманауи геодезиялық жабдықтармен жұмыс істеп, шынайы өндіріс жағдайында инженерлік ізденіс жүргізу дағдыларын меңгеруде және теміржол саласының технологиялық процестерімен танысуда.

Ақылы практика студенттерге кәсіби тәжірибе жинақтап, теориялық білімдерін бекітуге ғана емес, мемлекеттің ірі инфрақұрылымдық нысандарында алғашқы еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Skip to content
Приемная комиссия