Select Page

Тұрақты даму мақсатының №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағытын іске асыру аясында ALT University студенттері табиғи аумақтарды қорғауға, қоршаған ортаны абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.

19 қыркүйек күні Алматы қаласының күні және Дүниежүзілік тазалық күні — World Cleanup Day аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Экологиялық акцияның негізгі алаңдарының бірі «Аюсай» визит-орталығы болды. Іс-шараға қала тұрғындары, жастар, волонтерлер мен түрлі ұйымдардың өкілдері қатысып, табиғи аумақтарды тазарту және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

ALT University атынан 300-ге жуық студент сенбілікке белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи аумақты көркейту жұмыстарына атсалысты. Акция барысында «Аюсай» аумағына 100 қылқан жапырақты ағаш — 50 қарағай және 50 шырша отырғызылды.

Студенттердің экологиялық бастамаға белсенді қатысуы табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, жастардың экологиялық сауаттылығы мен қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.

Осындай бастамалар табиғи ортаны сақтауға ғана емес, жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғау құндылықтарын күнделікті өмір салтына айналдыруға мүмкіндік береді.

Таза Қазақстан — ортақ жауапкершілік!
ALT жастары — таза болашақ үшін!

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия