2026 жылғы 21 мамырда Университетте Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Дария Рахималиевна Шабденова коворкинг алаңында эдвайзерлер мен шетелдік студенттерге арналған тренингтер сериясын ұйымдастырып, өткізді.
Эдвайзерлерге арналған тренинг «Тәлімгерліктегі әйел көшбасшылығы: қысымсыз мықты қолдау» тақырыбында өтті. Ал шетелдік студенттерге ТДМ және Теңдік пен инклюзия саясаты аясында «Қарым-қатынастағы толеранттылық» — ALT Connect: толеранттылық қарым-қатынас стилі ретінде» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тренинг барысында когнитивті-мінез-құлықтық терапия әдістері қолданылды: негативті сенімдермен жұмыс, әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлықты зерттеу, автоматты ойларды мінез-құлық арқылы өзгерту, сондай-ақ коммуникациялық модельдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.
Қатысушылар экологиялық қарым-қатынас жасау, эмоциялық тұрақтылықты дамыту, студенттерді қысымсыз қолдау, жанжалдардың алдын алу және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру бойынша тәжірибелік дағдылар алды.


