Select Page

2026 жылғы 7 қыркүйекте ALT Университетінің №3 Студенттер үйінде «Суицидтік мінез-құлықтың себептері, функциялары, түрлері. Суицидтік қауіп факторлары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны ALT Университетінің Инклюзивті білім беру және психикалық денсаулық офисі БҰҰ-ның №3 «Жақсы денсаулық және амандық» Тұрақты даму мақсатын іске асыру аясында ұйымдастырды.

Спикер ретінде Алматы қаласындағы №7 емхана жанындағы Жастар денсаулық орталығының клиникалық психологы Асем Женисова сөз сөйледі. Семинарға №3 Студенттер үйінде тұратын 1-курс студенттері қатысып, эмоционалдық қиындықтардың алдын алу, қауіпсіз қарым-қатынас және уақытылы психологиялық көмек көрсету ережелерімен танысты.

Іс-шара соңында психологтар Дария Шабденова мен Нурхан Қапар студенттермен суреттік тесттер мен проективті ойындар өткізіп, өзін-өзі қолдау және рефлексия дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық жұмыстар жүргізді. Психикалық денсаулыққа қамқорлық — өзіңе және айналаңдағы адамдарға деген назардан басталады.

Автор: Шабденова Д. Р.

Skip to content
Приемная комиссия