Кафедра жоспарына сәйкес «Заманауи ағылшын тілінің ерекшеліктері және олардың оқыту үдерісіндегі көрінісі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар кафедра деңгейінде өтті. Баяндамашы ретінде Language Education кафедрасының ассистент-оқытушысы Өміржанова Шарбат сөз сөйледі.
Іс-шара 2026 жылғы 11 наурызда өткізіліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылды. Семинар барысында қазіргі ағылшын тілінің даму ерекшеліктері, оның білім беру үдерісіндегі қолданысы, сондай-ақ шетел тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері қарастырылды. Сонымен қатар білім сапасын арттыру, білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес өткізілді. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтті.


