«Энергетика және цифрлық технологиялар» институтының «Автоматика және басқару» кафедрасының 1-курс студенттері серіктес кәсіпорын — Алматы белгі беру және байланыс дистанциясында (ШЧ-33) танысу практикасынан өтті.
Өндірістік ортамен тікелей танысу студенттерге практикаға бағытталған құзыреттіліктерді дамытуға, заманауи технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және нақты өндірістік процестерді тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Оқытудың мұндай форматы кәсіби тәжірибе жинақтауға және болашақ мамандардың заманауи еңбек нарығының талаптарына сәтті бейімделуіне ықпал етеді.
Танысу практикасы білім мен өндірісті интеграциялаудың тиімді моделі болып табылады, студенттер бойында инженерлік салаға қажетті жауапкершілікті, тәртіпті және кәсіби қасиеттерді қалыптастырады.
Бұл бастама сонымен қатар Тұрақты даму мақсаттарының бірі (ТДМ 12) — «Жауапты тұтыну мен өндіріс: практикаға бағытталған оқыту арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды» іске асыруға септігін тигізеді.
Іс-шара барысында студенттерді өндірістік процестермен ШЧ-33 техникалық құжаттама инженері Рахметова Бақыткүл Сағынбайқызы, ШЧ-33 өндірістік оқыту шебері Тұрғамбай Есбол Алданазарұлы, сондай-ақ университет тарапынан «Автоматика және басқару» кафедрасының сениор-лекторы Әбуғазы Асылзат Шарапатқызы таныстырды.


