Select Page

ALT Университетінде Мухамеджан Тынышпаев атындағы университетте Алматинский завод мостовых конструкций бас директоры Терещенко О.В.-ның қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар инженерлік кадрларды даярлау, өндірістік практика және тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Алматы көпір конструкциялары зауыты – металл көпір конструкцияларын, құрылыс элементтерін және көлік инфрақұрылымы объектілерін өндіру саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Осыған байланысты өндіріс пен құрылыс саласына қажетті білікті мамандарды даярлауға ерекше назар аударылды.

Бұған дейін ALT Университетінің студенттері кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтіп, металл конструкцияларын дәнекерлеу технологияларымен, жобалау және сапаны бақылау процестерімен танысқан болатын. Тараптар осы ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтіп, оны одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында ALT Университеті басшылығы тарапынан ұсынылған, Алматинский завод мостовых конструкций-ды көпір саласы бойынша кадр даярлауда базалық кәсіпорын ретінде айқындау мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды. Бұл бастама дуальды оқытуды дамыту, студенттердің практикалық дайындығын күшейту және оларды өндірістік үдерістерге тереңірек тарту тұрғысынан қарастырылды.

Ынтымақтастық аясында келесі білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді бағыттау мәселесі қарастырылды:

  • Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы;
  • Көпірлер, тоннельдер және метрополитен құрылысы;
  • Көпірлер мен көлік өткелдерін салу;
  • Smart Underground: тоннелдер мен метрополитен
  • Smart Roads: көлік құрылыстарындағы цифрлық технологиялар
  • Логистика;
  • Тасымалдауды ұйымдастыру.

Сонымен қатар университет базасында бірлескен оқу-өндірістік және ғылыми зертханалар ашу мүмкіндігі талқыланды:

  • көпір және металл конструкциялар зертханасы;
  • дәнекерлеу технологиялары және металл сапасын бақылау зертханасы;
  • құрылыс материалдары мен конструкцияларды сынау зертханасы;
  • дуальды оқыту және инженерлік құзыреттер орталығы.

Тараптар дуальды білім беру, бірлескен ғылыми жобалар, қонақ дәрістер мен мастер-класстар өткізу, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Мұндай әріптестік білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, студенттердің практикалық дағдыларын арттыруға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Skip to content
Приемная комиссия