Select Page

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ мен «KEGOC» АҚ білім беру, ғылым және электр энергетикасы саласы үшін жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осыған дейін университет пен KEGOC арасындағы әріптестік негізінен студенттердің өндірістік және дипломалды практикасын ұйымдастыру аясында жүзеге асырылып келді. Университет студенттері компанияның өндірістік нысандарында тәжірибеден өтіп, электр энергетикасы саласының заманауи технологияларымен танысып, кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

Қол қойылған меморандум серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, өзара іс-қимыл аясын айтарлықтай кеңейтеді. Құжат бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, дуальды білім беруді дамытуды, студенттердің практикасы мен тағылымдамаларын ұйымдастыруды, KEGOC мамандарының қатысуымен дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуді, сондай-ақ түлектердің жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді көздейді.

Тараптар білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жетілдіру, тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту, ғылыми-инновациялық бастамаларды қолдау, сондай-ақ конференциялар, семинарлар және салалық іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру бойынша да ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.

KEGOC-пен серіктестіктің кеңеюі ALT университетінің еліміздің жетекші жұмыс берушілерімен байланысын одан әрі нығайтып, электр энергетикасы саласының қазіргі талаптарына сай бәсекеге қабілетті инженерлік кадрларды даярлауға ықпал етеді.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия