Тұрақты даму мақсаттарының 9-мақсаты (ТДМ 9) – «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» және 17-мақсаты (ТДМ 17) – «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» аясында 2026 жылғы 28 қазанда ALT Университетінде халықаралық IT-компания Colvir Software Solutions өкілдерінің қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, заманауи цифрлық және банктік технологиялармен таныстыруға, университет пен IT-индустрия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ тәжірибеге бағытталған оқыту мүмкіндіктерін кеңейтуге және ақпараттық технологиялар мен FinTech саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталды.
Іс-шараның спикерлері ретінде Азамат Садырбаев – Colvir оқу орталығының жетекшісі және Гүлнара Әбішева – бизнес-процестерді дамыту жөніндегі менеджер сөз сөйледі.
Кездесу барысында студенттер компанияның қызметімен, заманауи банктік ақпараттық жүйелермен, цифрлық технологиялармен және FinTech индустриясының даму перспективаларымен танысты.
Colvir оқу орталығының білім беру мүмкіндіктеріне, атап айтқанда қашықтан оқыту курстарына, интерактивті тренажерларға, практикалық оқытуға және IT-мамандарының кәсіби дамуына арналған бағдарламаларға ерекше назар аударылды.
Қонақ дәрісі IT-индустрия өкілдері мен студенттер арасында тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға және университеттің жұмыс берушілермен өзара байланысын нығайтуға ықпал етті.
ALT Университеті Colvir Software Solutions компаниясының өкілдеріне мазмұнды кездесу ұйымдастырғаны және болашақ IT-мамандарын кәсіби даярлауға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
Мұндай іс-шаралар білім беру мен бизнестің интеграциясын нығайтып, студенттердің тәжірибеге бағытталған білім алуы мен кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Автор: Касымова Д. Т.


